10 қыркүйек 2015 11:48

Қазақстандағы үйлердің бағасы вице-министрдің есіне анекдотты түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы баспана бағасына қатысты сұраққа ұлттық экономика вице-министрі анекдотпен жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада тұрғын үй инфрақұрылымы талқыланған брифинг өтіп, онда ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев сөз сөйледі.


Қазақстандағы баспана бағасына қатысты сұраққа ұлттық экономика вице-министрі анекдотпен жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада тұрғын үй инфрақұрылымы талқыланған брифинг өтіп, онда ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев сөз сөйледі.

Теңге бағамының өзгеруіне байланысты Қазақстанда тұрғын үй шаршы метрлерінің бағасы көтеріле ме деген журналистердің сұрағына вице-министр былай деп жауап берді.

"Мен түрлі сарапшының түрлі пікірін оқып шықтым. Міне, футбол королі Пеленің позициясы анекдот түрінде келтіріледі. Футболды одан басқа ешкім жақсы білмейтін сияқты, бірақ әлем чемпионы кім болады дегенге қатысты оның болжамдарының бірі де орындалған жоқ. Сондықтан, кейбір сарапшылар төмендейді немесе көтеріледі дегенде, менің тарапымнан қазір былай немесе былай болады деп мәлімдеу жауапсыздық болады. Әзірше тамыз айы бойынша 2-4 пайызға көтерілгенін көрдік. Қазір қыркүйек айында өсімнің қалай болатынын қарап отырмыз", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Вице-министрдің ойынша, бұл өсім барлық облыста болмаған. "Бағаның өсуі Шымкентте, Павлодарда, Ақтауда, Атырауда - бес, алты қалада болды. Астанада бір пайыз ғана ауытқушылық байқалды. Алматы мен өзге қалаларда баға өзгерісі байқалған жоқ", - деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

Сонымен қатар, ол тамыз бен қыркүйек айларының халықтың іскерлік белсендігі артатын кезең екенін айтты. "Жиын-терім жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындарда азын-аулақ артық ақша қалады, олар оны тұрғын үйді жақсартуға салады. (...) Екінші нұсқа, менің ойымша, бұл жерде доллардың ауытқуы аздаған ой тудырды. Әрине, адамдар өз инвестицияларын қауіп-қатерден қалай сақтауды ойлап, жылжымайтын мүлікке сала бастайды", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, тұрғын үй бағасын белгілеу үш негізгі бөліктен тұрады: құрылыс материалдарының құны, жалақы және барлық механизм жұмысының құны.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети