10 ақпан 2017 09:51

Қазақстандықтар баға одан әрі өспей тұрғанда үй алуға асығып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kn.kz © Kn.kz

Қазақстандықтар баға одан әрі өспей тұрғанда үй алуға асығып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking сараптама орталығына сілтеме жасап.


Қазақстандықтар баға одан әрі өспей тұрғанда үй алуға асығып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking сараптама орталығына сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлік бағасының тұрақтануы жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділіктің артуына сеп болады. 2016 жылы қазақстандықтар пәтер мен жеке үйлерді сату-сатып алу бойынша 190 мың келісім жасаған. 2015 жылмен салыстырғанда бұл 15 пайызға өскен деген сөз.

"Сатып алушылар мен сатушылар жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның тұрақтануы туғызған сәтті пайдаланып қалуды ойлады. 2015 жылы баға айтарлықтай өскеннен кейін, 2016 жылы тіпті құлдыраған жағдайлары да болды. Өткен жылы ҚР жаңа салынған үйлерінде шаршы метрдің құны 4 пайызға түскен, ал қайталама нарықтағы баға 1 пайызға төмендеген", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, орталық мамандары жылдымайтын мүлік нарығындағы ұсыныстар биыл "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаннан кейін еселеп артады деп күтілетінін айтып отыр. Бағдарламаның мақсаты 15 жылда 1,5 миллион отбасын баспана беру. Бұл туралы Қазақстан халқына биылғы жолдауында Елбасы мәлімдеген еді.

Сонымен, 2016 жылы жасалған келісімдері бойынша 2015 жылмен салыстырғанда өсу рейтингінде бірінші Астана болды - өткен жылы 26,5 мың келісім жасалды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда шамамен 9 мың келісімге немесе 54 пайызға өскен.  

Екінші орында Алматы тұр - мұнда 2016 жылы 28,5 мың келісім жасалған. Ал өсім 39,9 пайызға тең.

Ал үштіктен Қарағанды облысы табылды. Былтыр облыста 19,4 мың келісім жасалған. Өсім - 8,6 пайыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети