14 наурыз 2022 17:02

Коммуналдық қызметті аз төлеу әдістері. ТОП-5 кеңес

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Коммуналдық төлемдер кез келген адамның бюджетіне әсер ететіні белгілі. Германияның тұрғын үйлерге қызмет көрсету маманы Ади Герхард Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында коммуналдық қызметтерді төлеу ерекшеліктері және оның ай сайынғы жарнасын қалай үнемдеуге болатынын айтып берді. 


Коммуналдық төлемдер кез келген адамның бюджетіне әсер ететіні белгілі. Германияның тұрғын үйлерге қызмет көрсету маманы Ади Герхард Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында коммуналдық қызметтерді төлеу ерекшеліктері және оның ай сайынғы жарнасын қалай үнемдеуге болатынын айтып берді. 

Тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу туралы 

"Азаматтарды тұратын жері бойынша міндетті тіркеу әлемдік тәжірибе екенін білеміз. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру үшін қажет, ал қалғаны ешқандай маңызға ие емес. Көптеген тұрғын мұны түсіне бермейді. Мысалы, бір адам өзінің досын не туысын міндетті тіркеуден өткізу үшін өз пәтерін ұсынады, бірақ ол тек құжат жүзінде қалады. Мұндай әрекеттің артында артық шығын тұрады. Неге десеңіз, коммуналдық қызметтер есептелгенде пәтерге неше адам тіркелгені есептеледі. Қысқаша айтқанда, үйіңізге неше адам тіркелсе, сонша есе артық төлейтін боласыз", - дейді ол.

Қажеті жоқ қызмет түрлері туралы  

Маманның сөзінше, міндетті түрде коммуналдық төлемнің түбіртегін зерттеп шыққан жөн.

"Себебі оның ішінен өзіңіз пайдаланбайтын не қажеті аз қызмет түрлерін табуға болады. Мәселен, бүгінде үй телефоны мен кабельді телевизия қолданыстан шығып барады. Сондай-ақ, егер бірінші қабатта тұрсаңыз лифтінің жөндеу жұмысына алынатын қаражаттан да бас тартуға болады. Негізі мұны әр адам өзі үшін шешуі керек", - дейді маман. 

А класындағы тұрмыстық техника туралы

Ади Герхардтың сөзінше, бүгінде тұрмыстық техниканың энергия тиімділігі бірнеше класқа бөлінеді. 

"А класының техникасы ең аз энергияны қажет етсе, С класының техникасы А класының техникасына қарағанда орташа есеппен 40 пайыз көп энергияны пайдаланады. Сондықтан тұрмыстық техниканы сатып алғанда осы мәселеге назар аударған жөн", -деді Ади.

Энергия үнемдейтін шамдар туралы

"Жарықдиодты шамдар әдеттегіден 10 есеге дейін аз қуат тұтынады. Сонымен қатар, үш жылға дейін үздіксіз жұмыс істейді. Қазір олардың бірнеше түрі бар. Ең маңыздысы, соның ішінен көру жүйесіне кері әсері жоғын таңдап алу", - деді ол. 

Тарифті есептеу құралдары туралы 

"Коммуналдық қызметтерді есептеу құралдары арқылы көп үнемдеуге болады. Біріншіден, сіз күнделікті тұтынылған энергия не газдың көлемін біліп отырасыз, мұның нәтижесіне сай таймер орнатуға болады. Екіншіден, күндізгі және түнгі тарифтің жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік ашылады", - дейді Ади Герхард. 

Сонымен қатар, шетелдік маман үнемдеудің кез келген жолы арқылы айына 25-30 пайыз үнемдеуге болатынын жеткізді. 

Еске салайық, Қазақстанда 5 қаңтардан бастап 180 күн мерзімге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізгілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети