"Самұрық-Қазына" қорының өз құрылыс компаниясы болмайды - Палымбетов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
“Профессиональный разговор” бағдарламасының студиясында. “Профессиональный разговор” бағдарламасының студиясында.

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының қызметіне қатысты сұрақтар Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының қызметіне қатысты сұрақтар Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"Біздің негізгі міндетіміз - баспананы тұрғызып, нарықтағыдан төмен бағада беру", - деді бағдарлама қонағы. 

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Болат Палымбетовтің айтуынша, жылжымайтын мүлік нысандары қазір әртүрлі классқа бөлінеді: элит, бизнес және эконом. "Бизнес пен эконом класстағы баспаналардың бағасы теңесіп қалды, дегенмен эконом класстағы баспананың бағасы 30 пайызға төмен болуы тиіс. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры нарыққа келіп баспана бағасын түсіріп жатыр", - деді ол.

"Біз девелоперлік компаниямыз және тапсырыстарды жекеменшік компанияларға береміз. Эконом-класс құрылыс нарығында мұндай жүйе жоқ. Сонымен қатар, өз құрылыс компаниямызды ашу туралы әңгіме болмайды", - деп хабарлады "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Болат Палымбетов. 

Бағдарлама қонағының айтуынша, бүгінгі таңда салынып жатқан нысандар құрылыс нормалары мен кеңестік ережелер бойынша тұрғызылуда, бірақ оларды еуропалық стандартқа көшіру қажет. "Оларды қалайда енгізу керек, сондықтан біз "Жасыл кварталды" бірінші болып тұрғыза бастадық. Бұлар жасыл технология есебімен тұрғызылған тұңғыш үйлер болады. Сол нысандарға халықаралық экологиялық төлқұжат алғымыз келіп отыр", - деді бағдарлама қонағы.

"Жасыл квартал" құрылысы - құрылыс саласына жаңа технологияны қолдану арқылы инновацияны енгізу", - деді "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы.

Бұл туралы толығырақ және "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарлама бойынша тарататын баспаналарының ерекшеліктері туралы бүгін, сағат 20.30-да СТВ телеарнасынан Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен болатын сұхбаттан тыңдап, көре аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro