15 шілде 2019 11:52

Тұрғын үй мәселесі ушығып кетті - Тоқаев тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі тұрғын үй мәселесі ушығып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі тұрғын үй мәселесі ушығып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тұрғын үй мәселесін сіз үнемі бақылауда ұстауыңыз керек. Тұрғын үй проблемасы ең өткір, өзекті, әлеуметтік екенін түсінуіңіз керек. Соңғы уақытта қаншалықты асқынғанын өзіңіз көріп жүрсіз. Жалпы алғанда қалай шешу керектігі туралы және жекелей шешу жолдары туралы ұсыныстар беріңіз. Біз белгілі бір адамдар тарапынан тұрғын үйге қатысты жоғары талаптар бар деп айта аламыз. Бірақ мұнымен мәселе шешілмейді. Мұның бәрі үкіметке байланысты, біз бұл мәселені қалай шешеміз", - деді Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярға.

Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесі министр мен Үкімет тарапынан тұрақты бақылауда болу керектігін айтты.

Осыған дейін, министр жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 5,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 98,1 пайыз болды. 

Склярның айтуынша, тұрғын үйді пайдалануға беру өсімі бойынша Түркістан, Қызылорда, Алматы және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Жеке құрылыс салушылардың белсенділігінің азаюына байланысты Маңғыстау облысы мен Нұр-сұлтан қаласында төмендеу байқалады. Сонымен қатар, елордада жылдық көлемнің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға төмендеуі болжанады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети