"16" фильмінің сценариінің авторластарының бірі Елена Лисасина картинаны жасаушыларды оның авторлық құқығын бұзылғанын айтып, айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның авторлығы лентаның бастапқы титрлерінде болмаған.
"16" фильмінің сценариінің авторластарының бірі Елена Лисасина картинаны жасаушыларды оның авторлық құқығын бұзылғанын айтып, айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның авторлығы лентаның бастапқы титрлерінде болмаған.
"Мен мұны фильм прокатқа шыққанда байқадым. Бірінші күні жаман сезіндім, кейін әділдікке жету керек деп шештім. Біз прокатты тоқтата алар едік, бірақ бұлай жасағымыз келмеді, себебі картинаны жасау үшін көп адам қатысады және зор еңбек қажет. Мен фильмді түсірушілермен байланысқа түскім келді. Бірақ олар кінәлі емеспіз деп есептейді және техникалық ақау болды деп ойлайды. Ал менен кешірім сұраған жоқ", - деді ол.
Енді Лисасина кинопрокат компаниясын сотқа бергелі отыр. "Біз мәселені бейбіт түрде шешкіміз келді, бірақ менің қарсыластарым айтарлықтай кінәсі жоқ екенін айтты. Бірақ мен өзім үшін ақшаның маңызды емес екенін түсіндім. Егер сотта жеңіп шықсам, қаражатты Аружан Сайынның қорына аударамыз. Маған ақшаның қажеті жоқ, бұл - принцип", - деді сцеранист.
Ал картинаның продюсері Айдархан Әділбаевтың айтуынша, өндірушінің тарапынан шын мәнінде қателік кеткен. Авторды бастапқы титрлерден көрсету ұмытылған, алайда жұмыс паспортында және соңғы титрларда сценаристің аты жазылған. Бұл қателік түзелді, таяу арада еліміздегі кинотеатрларда сценарийін жазған автордың аты қосылған жаңа нұсқасы көрсетіле бастайды.
"Ол бірінші сценарийдің авторласы. Оны режиссер Қанағатпен бірлесіп жазған. Осыдан кейін сценарий көп уақыт бойы бекітілмей келді. Елена кейін кетті, бірақ келісімшарт жасалды. Оған ақша толық көлемде төленді. Ешқандай шағым түспеді. Біз титрларды тізіп жатқанда, оны бастапқы титрлардан көрсетуді ұмыттық. Ол бізді кездесуге шақырып, 12,5 миллион теңге өтемақы талап етіп, сотқа беремін деп айтты", - деді продюсер.
Айта кетейік, фильмнің сценариін бес адам жазды: Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков, Елена Лисасина, Талғат Ғаббас және Равиль Трумув.
Еске салайық, режиссер Қанағат Мұстафиннің 3 наурызда қазақстандық прокатқа шыққан "16 қыз" фильмі көрсетілімнің алғашқы аптасында 45 миллион теңгеден аса табыс тапқан еді.
Айта кетейік, "16 қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Әкесі Бауыржанды досының қызы Айжанмен "бел құда" салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздың кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досының көңілін қалдырғысы келмеген әкесінің өтінішімен Айжан Бауыржанға басқа қалыңдық іздей бастайды. Кейін олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады.
Картинаның басты рольдерін Берік Айтжанов, Аша Матай және Әнуар Нұрпейісов сомдады. 2014 жылдың тамыз айында бастау алған түсірілім Шәкен Аймановтың туған жері - Баянауылда (Павлодар облысы), сонымен қатар, Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өтті.