Forbes әлемдегі ең жоғарғы ақы алатын актерлерді атады

05 Тамыз 2015, 16:28
0
Forbes әлемдегі ең жоғарғы ақы алатын актерлерді атады - Кіші Роберт Дауни. © MediaPunch / face to face / Global Look
Кіші Роберт Дауни. © MediaPunch / face to face / Global Look

Forbes әлемдегі ең жоғарғы ақы алатын актерлерді атады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Америкалық Forbes журналының рейтингіне сәйкес, әлемде ең жоғары ақы алатын актер - "Кек алушылар" жұлдызы кіші Роберт Дауни. Оның 2014 жылдың 1 маусымы мен 2015 жылдың 1 маусымы аралығындағы кірісі - 80 миллион доллар.

Екінші орында Джеки Чан тұр, оның кірісі 50 миллион долларға бағаланды.

Үшінші орында Вин Дизель - 47 миллион доллар, төртінші орында - Брэдли Купер (41,5 миллион), бесінші орында - Адам Сэндлер (41 миллион), алтыншы орында - Том Круз (40 миллион).

Жетінші орынды Болливуд өкілдері Амитабх Баччан мен Салман Хан бөлісті (33,5 миллион доллар). Тоғызыншы орынға үнді актері Акшай Кумар тұрақтады, оның кірісі - 32,5 миллион доллар. Ал оныншы орында Марк Уолберг тұр, кірісі - 32 миллион доллар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай