31 қазан 2014 12:08

Ақан Сатаев "Ана жүрегі" атты жаңа фильм түсіруге кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақан Сатаев. ©Ярослав Радловский Ақан Сатаев. ©Ярослав Радловский

Қазақстандық белгілі режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" киностудиясы мен Sataifilm компаниясының бірігіп түсіретін жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық белгілі режиссер Ақан Сатаев "Қазақфильм" киностудиясы мен Sataifilm компаниясының бірігіп түсіретін жаңа фильмнің түсірілім жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ірі масштабты тарихи-шытырман оқиғалы фильмнің бастапқы атауы - "Ана жүрегі". Фильм Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған. Картина сюжеті Қазақстанның бірнеше күрделі тарихи кезеңін көрсетеді: ұжымдастыру заманы, ұлттың ұлы трагедиясы - жұт, Ұлы Отан соғысы жылдары және соғыстан кейінгі жылдар. Оқиға өмірдің сан-соқпағынан, соғыс тауқыметінен өткен және тұтқындардың лагерінде болған адамның тарихын баяндайды. Ол ештемеге қарамастан үйіне асығады, осы уақыт бойы үйінде оны анасы күтеді.   

"Ана жүрегі" картинасының сценарийін Тимур Жақсылықов жазды. Түсірілім жұмыстары 2015 жылдың ақпан айында Қазақстан мен Ресейде болады. Басты рөлге кастинг жарияланды. Кастинг туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар. Фильмде қазақстандық және ресейлік актерлер ойнайды. Түсірілім жұмыстары барысына елдің шығармашылық тұлғалары, режиссерлер, операторлар, сазгерлер мен суретшілер қатысады. Ақан Сатаевтың фильмі 2015 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қарсаңында прокатқа шығады.

Айта кетейік, Ақан Сатаев қазір "Рэкетир" фильмінің жалғасын түсіріп бітуге жақын. "Рэкетир-2: Возмездие" фильмінің премьерасы 2015 жылға жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети