04 сәуір 2019 10:00

Алексей Булдаковтың неден қайтыс болғаны белігілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

"Амурская осень" театр және кино фестивалінің президенті Сергей Новожилов Instagram желісіндегі парақшасында Алексей Булдаковтың неден қайтыс болғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Амурская осень" театр және кино фестивалінің президенті Сергей Новожилов Instagram желісіндегі парақшасында Алексей Булдаковтың неден қайтыс болғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Новожиловтың айтуынша, актер 3 сәуірде Моңғолияда 68 жасында қайтыс болды. Халық әртісінің кенеттен қайтыс болуына тромбтың жарылып кетуі әсер еткен. "Моңғолияға турсит ретінде барған, барлығыда қонақ үйде түнгі уақытта болған", - деп жазды ол. 

РИА Новости мәліметінше, актермен қоштасу рәсімі Кино үйінде болады. Қай күні және қай уақытта өтетіні кейінірек хабарланатын болады. 

Булдаков 1951 жылы 26 наурызда Алтай өлкесінің Макаров ауылында дүниеге келген. Ол Қазақстанда өсіп, еңбек өтілін біздің елде бастады. Чехов атындағы Павлодар драма театрында театр студиясын бітірген (1969). Павлодар трактор зауытында жұмыс істеді.

1976 жылға дейін Павлодар, Томск, Рязань театрларында жұмыс істеді. 1982 жылға дейін - Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында қызмет етті.

Булдаков "Особенности национальной охоты" фильмінде генерал Иволгиннің рөлін сомдап, танымал бола түсті. Жалпы 150-ден аса фильмде түскен және бірнеше музыкалық альбом жазған. 

Булдаков - "Ника" премиясының лауреаты. Ол РСФСР еңбегі сіңірген әртісі, сондай-ақ, Ресей Федерациясының халық әртісі. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети