06 қараша 2014 17:33

Әлия Телебарисова қырғызстандық режиссердің фильміне түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түсірілім кезінде Түсірілім кезінде

Қазақстандық жас актриса Әлия Телебарисова "Менің құрбымның қаһарманы" деп аталатын қырғызстандық фильмге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық жас актриса Әлия Телебарисова "Менің құрбымның қаһарманы" деп аталатын қырғызстандық фильмге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жастар комедиясын Қырғызстанда ең көп пайда тапқан "Салам, Нью-Йорк" фильмінің режиссері Руслан Акун түсірді. Айта кетейік, "Менің құрбымның қаһарманы" ("Герой моей девушки") лентасында Әлия Телебарисова бас кейіпкердің сүйіктісін ойнады. "Екі адам" танымал жобасының актері Жеңіш Мейрамбеков оның фильмдегі серігі болды. Кино прокатқа 27 қарашада шығады. Фильм әзірше Қырғызстан кинотеатрларынан көрсетілмек. 

Фильмде Тілек есімді студенттің оқиғасы баяндалады. Ол университеттің ең әдемі қызы - Қаныкейге ғашық болады. Қазақстандық актриса сомдайтын Қаныкейдің оған еш сезімі жоқ. Жігіт өзінің адалдығын көрсетіп, оның жүрегін жаулағысы келеді. Бірақ оған Расул есімді мінсіз жігіт қарсылас болып, жағдайын қиындата түседі.  

"Бұл біреудің арманын қуудың қажеті жоқ екенін, басқа біреу болып көрінбеу керектігін айтатын ізгі әрі жеңіл фильм болады. Мақсатыңа жету үшін оңай жолды таңдаудың қажеті жоқ. Тіпті өмірдегі қиын жағдайларда да өзіңді сақтап қалу керек", - деді фильмнің режиссері Руслан Акун. 

Айта кетейік, қазақстандық актриса Әлия Телебарисова таяуда ғана қытайлық режиссер Ингкай Цуйдің "Екі саусағы бар адам" (Man with two faces) жобасына қатысқан еді. 21 жастағы қыздың қоржынында 10 роль бар, оның ішіндегі танымал фильмдер ретінде Ақан Сатаевтың "Ағайынды" хикаясы мен "Жаужүрек мың бала" фильмдерін айтуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети