09 наурыз 2021 12:25

Алматыда танымал үнді фильмі түсіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Хабар 24 Фото: Хабар 24

Алматыда Gaalipata-2 үндістандық фильм түсірілімі өтіп жатыр. Екі студент арасындағы махаббатты көрсететін фильмнің екінші маусымы мегаполистің ең әдемі жерлерінде түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Алматыда Gaalipata-2 үндістандық фильм түсірілімі өтіп жатыр. Екі студент арасындағы махаббатты көрсететін фильмнің екінші маусымы мегаполистің ең әдемі жерлерінде түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, "Gaalipata-2" романтикалық комедияның жалғасы. Бірақ екінші бөлімдегі көріністердің жартысына жуығы Алматы мен Алматы облысында түсіріледі.

Фильм режиссері Йогарадж Бхат көрерменге Қазақстан табиғатынының бар сұлулығын көрсету үшін ең әдемі жерлерді таңдағанын айтты.

"Әр картинаны түсіргенде мен табиғаты көрікті жерлерді таңдауға тырысамын. Ал Қазақстанның табиғаты тамаша. Тау мен даласы, көлі мен шөлі ұласып жатыр. Және бір-біріне жақын орналасқан", - деді Йогарадж Бхат.

Сонымен қатар, режиссер фильм басынан бастап көременді қызықтыратынын айтты.

"Бала кезден бірге өскен достар - Ганеш, Дигант пен Китти бір аруға ғашық болып қалады. Оқиға Үндістанда басталып, Қазақстанда жалғасады. Фильм түсірілімі Шарын шатқалында, Шымбұлақта, 28-панфиловшылар саябағында өтті. Авторлар сценарий бойынша ұзақ уақыт жұмыс істеді", - деп қосты режиссер.

Басты рольдегі кейіпкер Вайбхави Шандилья да Қазақстанның сұлулығына тәнті болды.

"Бала кезімнен кино саласында жүрмін. Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Керемет әсер алдым. Әсіресе, табиғаты ұнады. Көлсайды ешқашан ұмытпаймын", - дейді актриса.

Продюсер Майра Қарсақбаеваның айтуынша, бұған дейін де Үндістанмен бірлесіп фильм түсірген. Бұл - үшінші жоба.

"Қазір біз кинокомиссиямен жұмыс істеп жатырмыз. Кинокомиссия шетелдік жобаларды тарту үшін қызмет етеді. Олар Қазақстанда түсіріліп, біздің локацияларды пайдаланады. Басқа елдермен мұндай ынтымақтастық әлі болған жоқ. Жақында бәрі болады деп үміттенемін", - деп қосты ол.

Gaalipata-2 романтикалық комедиясының түсірілімі 70 пайыз аяқталған. Фильм жаздың соңында көрерменді қуантады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети