1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Алматының кинотеатрларында 29-30 тамыз күндері қазақ фильмдері тегін көрсетіледі 23 тамыз 2014, 21:12

Конституция күніне орай Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматыда отандық фильмдер тегін көрсетіледі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото kinostan.kz сайтынан алынды Фото kinostan.kz сайтынан алынды

Алматыда ҚР Конституциясы күніне орай отандық көркем фильмдердің қайырымдылық көрсетілімі өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты kinostan.kz  басылымына сілтеме жасап.  

Отандық көркем фильмдердің қайырымдылық көрсетілімін Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Көрсетілімдер 2014 жылғы 29-30 тамыз күндері ұйымдастырылады:

Қала тұрғындары мен қонақтары 29 тамыз күні 12:00-де "Арман" кинотеатрынан - "Аңшы бала" (қазақша), 14:00-де "На Райымбека" кинотеатрынан - "Елбасы жолы" (қазақша), 30 тамыз күні 12:00-де "Star Cinema Мега Алматы" кинотеатрынан - "Секер" (орысша), 12:00-де "Star Cinema Prime Plaza" кинотеатрынан - "Қош бол, Гүлсары!" (қазақша) фильмдерін тамашалай алады. Кіру тегін.



Join Telegram