18 қыркүйек 2018 09:54

Альмира Тұрсын "Томирис" фильміндегі түсірілім жұмыстарын аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/akansatayev © instagram.com/akansatayev

Альмира Тұрсын қазақстандық "Томирис" фильміндегі түсірілім жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Альмира Тұрсын қазақстандық "Томирис" фильміндегі түсірілім жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Фильмнің басты кейіпкерін сомдаған Альмира Тұрсын бүгін жобамыздағы жұмысын аяқтады. Оған орындаған образы үшін, киноға деген сүйіспеншілігі мен оған толықтай берілгені үшін алғыс айтамын", - деп жазды Сатаев.

Осыған дейін актриса фильмдегі негізгі түсірілімнің аяқталғанын айтқан еді. 

"Осы уақытта соңына дейін создым, бірақ #томирисфильм түсірілімнің негізгі бөлігі аяқталғанын айту керек. (...) Барлығына алғыс айтамын. Барлығымызды құттықтаймын. Фильмге әрі қарай сәттілік тілеймін!", - деп жазды актриса.

Сондай-ақ, ол атқарылған жұмыс үшін фильм режиссері Ақан Сатаевқа, каскадерлер командасы және түсірілім жұмыстарымен айналысқан командаға алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, "Томирис" атты тарихи жобаны Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Сатайфильм" кинокомпаниясымен бірлесіп түсіріп жатыр. Киностудияның мәліметінше, бұл картинада ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы баяндалады. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

"Бұл еліміздің кино тарихындағы ең ірі жобалардың бірі" - Әлия Назарбаева "Томирис" фильмі жайлы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети