Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Америкалық "Жалшы" фильмінде Қазақстандағы әйелдердің сұмдық жағдайы жайлы баяндалды

07 Сәуір 2015, 18:21
1
Фильмнен алынған кадр
Фильмнен алынған кадр

АҚШ-та режиссер Кристофер Рэйдің "Жалшы" фильмі жарыққа шықты. Фильмде Қазақстандағы әйелдердің сұмдық жағдайы жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картина қазақстандық прокатқа шыққан жоқ және сондықтан да болар, осы күнге дейін белгісіз болып келді. "Жалшы" ("Наемницы") фильмінің оқиғасы Қазақстан Республикасында өрбиді. Эдвард Де Руитердің сценарийі бойынша, қазақстандық әйелдердің құқығы жоқ, сұмдық жағдайда өмір сүреді, ал елдегі бизнестің басты түрі - жезөкшелік. Әйелдерді "құлдықтан" босатып алу үшін АҚШ президентінің қызы Қазақстанға аттанады. Бірақ ол жолда келе жатып, қарулы қақтығыстар болып жатқан ауданда тұтқынға алынып, түрмеге түседі. Осыған байланысты әйелдерден тұратын бөлімше құрылып, олардың мақсаты әйелдер түрмесіне кіріп, іштегілерді құтқарып алу болады. "Иә, бұл жердің болашағы жоқ. Оларда Кеңес өкіметі құлағаннан кейін әрқашан да осылай. Бірақ оларда жылжымайтын мүлік өте арзан", - дейді Қазақстанға келген жалшы қыздар.

Америкалық фильмдердің дәстүрі бойынша, оқиға хеппи-эндпен аяқталады және президенттің қызы босатылады. Онымен бірге, Қазақстанның барлық қыздары бостандыққа шығарылады. Айта кетейік, бұл фильмді Bad Comedian жобасының жігіттері оңдырмай сынады. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай