20 тамыз 2015 22:31

Анджелина Джоли 37 келіге дейін арықтап кетті: Қатерлі ісікке шалдыққан болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджелина Джоли. © makers.com Анджелина Джоли. © makers.com

Америкалық танымал актриса Анджелина Джоли 37 келіге дейін арықтап кетті, ол қатерлі ісікке шалдыққан болуы мүмкін. Мұндай тұжырымды батыстың ақпарат құралдары жасап отыр, - деп хабарлайды Vesti.ru.


Америкалық танымал актриса Анджелина Джоли 37 келіге дейін арықтап кетті, ол қатерлі ісікке шалдыққан болуы мүмкін. Мұндай тұжырымды батыстың ақпарат құралдары жасап отыр, - деп хабарлайды Vesti.ru.

Басылым мәліметінше, соңғы уақытта 40 жастағы өнерпаз қатты жүдеп кеткен. Бойы 169 сантиметр болатын оның 37 келі болып қалғаны хабарланды. Басылым тілшілеріне пікір білдірген дәрігерлер Джолидің анорексия немесе онкологиялық ауруға шалдыққан болуы мүмкін екенін болжаған.  

Мұнымен қатар, танымал жұлдыздың жеке өмірінде де жағдайдың нашарлап кеткені айтылады. Джоли мен Брэд Питт ажырасу алдында екен. Осының салдарынан актриса күйзеліске ұшыраған көрінеді, алайда ол киноға түсу жұмыстарына әлі де қатысып жүр. Оның үстіне актрисаның қайырымдылық миссиялармен әлем аралап, өзін-өзі осындай халге түсіргені хабарланып отыр. 

Айта кетейік, 2007 жылы қатерлі ісіктен оның 56 жастағы шешесі Маршелин Бертран қайтыс болған еді. Ал 2013 жылы актрисаның әпкесі Дебби Мартин осы дерттен көз жұмды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети