17 қаңтар 2016 23:39

Арнольд Шварценеггер өз ескерткішінің алдында ұйықтап жатқан суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнольд Шварценеггер. © asfera.info1280 Арнольд Шварценеггер. © asfera.info1280

Арнольд Шварценеггер заман талабына сай, әріптестері сыңайлы Instagram желісінің тұрақты қолданушысы болып алды. Бұл ретте Голливуд жұлдызы желіге езуге күлкі үйірер суретін жүктеді, - деп хабарлайды 24.kz. Сурет желіде нағыз хитке айналды.

Суретте актер өз ескерткішінің алдына жантайып, ұйқыға кеткені бейнеленген. "Заманның өзгергені-ай" деген жазба қалдырыпты суреттің астына.

Қолданушылардың көбі актердің бұл әзілін орынды бағаласа, енді бірі бүгінгі аумалы-төкпелі заманда бұлай әзілдеуден аулақ болуға шақырды.

Огайо штатында бұл ескерткіш 2014 жылдың күзінде пайда болды. Дәл осындай ескерткіш актердің Австриядағы музейінде орнатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети