21 ақпан 2017 14:27

Асқар Ұзабаевтың "Келін де адам баласы" комедиясы 23 ақпаннан бастап прокатқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнен алынған кадр Фильмнен алынған кадр

Режиссер Асқар Ұзабаевтың "Келін де адам баласы" ("Келинка тоже человек") фильмі 23 ақпаннан бастап прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, отандық комедияның бас продюсерлері - Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова. 


Режиссер Асқар Ұзабаевтың "Келін де адам баласы" ("Келинка тоже человек") фильмі 23 ақпаннан бастап прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, отандық комедияның бас продюсерлері - Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова. 

Әсел Сәдуақасованың айтуынша, былтыр осы фильмді түсіру туралы идея келген. "Біз Асқармен жазда дәмханалардың бірінде отырғанбыз. Содан мен маған келін мен ене туралы идеяның ұнайтынын айттым. Ол болса сценарийдің дайын екенін және оны оқып шыға алатынымды айтты. Сценарий маған қатты ұнады, содан мен Асқарды осы жобаны бірге жүзеге асыруға көндіре бастадым", - деді Әсел Сәдуақасова.


Әсел Сәдуақасова, Данагүл Темірсұлтанова және Данияр Алшынов.

Айта кетейік, картинаның сценарийімен Асқар Ұзабаев, Сәбит Рахымбаев, Ауэз Ауэзов және Азамат Каунев айналысқан. Ал басты рөлдерде Данагүл Темірсұлтанова, Данияр Алшынов пен Әбунасыр Серіков, және Instagram жұлдызы Әмина Малғаждар бар.

Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова.

"Меніңше, отбасы құндылықтары жайлы кино түсіру әрдайым өзекті болып қала бермек. Біздің кинода келін мен ененің қарым-қатынасы жайлы көрсетіледі. Біз фильмді сатиралық жанрда түсіргіміз келді. Негізі, бұл тақырып әрқашан өзекті болады. Бірақ "келін" тақырыбын біз осымен жауып қоямыз. Себебі онсыз да келіндер жайлы отандық фильмдер көп қой. Енді біз "жезделер" туралы фильм түсіргіміз келеді", - деп күлді режиссер Ұзабаев.


Амина Малғаждар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети