07 қараша 2018 14:21

Астанада "Алаш туы астында" деректі фильмінің тұсауы кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сарыарқа" сауда орталығында Алаш ұлт-азаттық қозғалысына арналған "Алаш туы астында" деректі фильмінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 


"Сарыарқа" сауда орталығында Алаш ұлт-азаттық қозғалысына арналған "Алаш туы астында" деректі фильмінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кинокартинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" киностудиясы мен "Ел" продюсерлік орталығы бірлесіп түсірген.

1918 жылы Уфа қаласында Мемлекеттік мәжіліс өтіп, онда Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық күрес мүддесін заңды түрде қорғаудың үлгісін көрсетті. Фильмнің көрсетілімі осы тарихи датаға орай ұйымдастырылды.

Фильм сценариінің авторы Болат Мүрсәлімнің айтуынша, түсірілім Ресейдің төрт қаласында жүргізілген.

"Кремльде, бұрыңғы Смольный мен бір кездері Дума отырған Таврий сарайында түсірілім жүргізу үшін арнайы аккредитация алу керек. Кейде рұқсат алу үшін бір жылдай уақыт кетеді. РФ Қазақстанның елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың көрсеткен қолдауының арқасында біз рұқсатты аз уақыттың ішінде алдық", - деді ол.

Фильм режиссері Ерген Тоқмұрзин. Кинотуынды "Оян, қазақ", "Жарияланбаған автономия" және "Қатерлі өткел" атты үш бөлімнен тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети