27 қазан 2020 14:23

Әйелдер арманы туралы жаңа телехикая түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 қарашада "Алматы" телеарнасында жаңа телесериал көрермендерге жол тартады. Телехикая әйелдердің арманы туралы түсірілген. Tengrinews.kz тілшісі телесериалдың таныстырылымында болып қайтты.


2 қарашада "Алматы" телеарнасында жаңа телесериал көрермендерге жол тартады. Телехикая әйелдердің арманы туралы түсірілген. Tengrinews.kz тілшісі телесериалдың таныстырылымында болып қайтты.

Сериалдың атауы - "Өткінші жаңбыр", "Алматы телеарнасы" тапсырысымен түсірілген. Телехикая 12 сериядан тұрады, әрқайсы - 25 минут. Сериалдың тұсаукесерінде журналистерге бірінші бөлімі көрсетілді.

Телехикая сюжеті бойынша, онда Алматыда тұратын көпбалалы ана мен ауылдан көшіп келген жалғызбасты ананың өмірі көрсетіледі.

"Өткінші жаңбыр" хикаясы тағдыр тәлкегімен Алматыда кездесіп, жақын дос болып, ортақ іс ашатын екі түрлі әйелдің тағдыры мен олардың армандары туралы баяндайды. Сол уақыт аралығында олар өзгереді, жеке тұлға ретінде өседі, қиындықтарды жеңіп, табысқа жетеді. Бұл өмірде бәрі мүмкін екенін дәлелдейді", - дейді түсірілім тобының өкілдері.

Сериалды режиссер Дархан Саркенов түсірген. Басты рольдерде қазақстандық киножұлдыздар ойнаған - Алмат Сақатов, Нұргүл Мыңғатова және Салтанат Бақаева.

"Қазақта әйел үйде отыруы керек, үй шаруасына қарауы керек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуі керек. Бірақ қазір заман талабы басқа. Әйелдің көбі бәріне үлгереді. Менің кейіпкерім жан-жақты болуы үшін барын салмақ. Төрт баласы бар, жағдайы жақсы. Тек жеке кәсібін ашқысы келеді. Адамдармен араласып, танымын кеңейтуге тырысады. Сол жолда алдынан көптеген кедергі шығады. Әйел адам қырық жанды дейді ғой, оның бәрін түбінде жеңіп, өмірінде отбасы мен жұмыстың арасында тепе-теңдік орнайды. Кейіпкерімнің болмысы маған ұнады", - дейді Нұргүл Мыңғатова.

Алмат Сақатов сериалда Мыңғатованың жарын сомдайды. Сюжет бойынша, ол - кәсіпкер, ақшалы адам.

"Жұмыс деп жүріп, отбасына көңіл бөле алмай немесе жұмыстарды ысырып қойып, тек отбасының қасында болып жатамыз. Қарап отырсақ, тепе-теңдікті ұстап тұру өте қиын. Осы және отбасында болатын өзге де мәселелер қозғалады. Сериалдың аты  маған ұнайды. Өйткені өмірдің бәрі өткінші, әр сәт бағалы", - дейді Сақатов.

Сериалдың продюсері Айкерім Самалбекқызы сериалдың неге "Өткінші жаңбыр" деп аталғанын түсіндірді.

"Телехикаяның "Өткінші жаңбыр" деп аталу себебі -  кез келген отбасында, адамда пенде болғаннан кейін қандай да бір мәселелер, проблемалар, қиындықтар болады. Сол өткінші жаңбыр сияқты өтеді де кетеді. Ең басты құндылықтар - отбасы, бала-шаға, сыйластық, достық, туыстық қарым-қатынас мәңгі қалады. Телехикаяның негізгі идеясы, көрерменге жеткізер ойы осы болатын. Сондықтан телехикая "Өткінші жаңбыр" деп аталады", - дейді Самалбекқызы.

Сериалда Алматыны жан-жақсы көрсету де мақсат болған. Сондықтан, телехикаяның 95 пайызы қалада түсірілген, сериалдан өңірдің көрікті жерлерін көп көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети