15 маусым 2017 14:17

Әйгілі актер Алексей Баталов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Баталов. © РИА Новости Алексей Баталов. © РИА Новости

КСРО халық әртісі Алексей Баталов қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Алексей Баталовтың отбасы актердің бейсенбіге қараған түні қайтыс болғанын растады.


КСРО халық әртісі Алексей Баталов қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Алексей Баталовтың отбасы актердің бейсенбіге қараған түні қайтыс болғанын растады.

"Иә, біз мұны растаймыз, Алексей Владимирович бүгін түнде қайтыс болды", - деді актердің отбасы РИА Новости тілшілеріне.

Алексей Баталов 1928 жылы дүниеге келген. 40-тан аса фильмге түскен. Оның ең танымал рөлдерінің бірі - Владимир Меньшовтың "Москва слезам не верит" фильміндегі Гоша рөлі.

Сондай-ақ, ол режиссер Михаил Калатозовтың "Летят журавли" фильміне түскен. Фильм отандық және әлемдік кинематографияның алтын қорына кіріп, Канн фестивалінде марапатталған.

Алексей Баталовтың ең танымал рөлдерін айтатын болсақ, олардың қатарында Михаил Ромның "9 дней одного года" фильмі (1961); Владимир Венгеровтің "Живой труп" (1969) фильмі, Самсон Самсоновтың "Чисто английское убийство" (1974) фильмі және Владимир Мотыльдың "Звезда пленительного счастья" (1975) фильмі бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети