08 тамыз 2019 09:26

Әйгілі "Мачете" жұлдызы Дэнни Трехо кішкентай баланы құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэнни Трехо. © abc7 эфирінен кадр Дэнни Трехо. © abc7 эфирінен кадр

"Мачете" фильмінің жұлдызы, Голливуд актері Дэнни Трехо Лос-Анджелесте жол-көлік оқиғасынан кейін кішкентай баланы көліктен шығарып алды. Бұл туралы оқиға орнынан репортаж жасаған abc7 телеарнасы хабарлады.

Актердің айтуынша, ол бір жағына аударылған жол талғамайтын көліктің ішіне кіріп, баланың креслосын ұстап тұрған қауіпсіздік белдігін шешуге тырысқан, алайда ол мүмкін болмаған. Соңында белдікті қарама-қарсы жағынан салонға шыққан басқа куәгер шешіп алған.

"Мен сәбиді алып шығуға тырыстым, бірақ белдігін жұлып ала алмадым. Басқа бір адам ішке еніп, белдігін жұлып, ал мен баланы алып шықтым", - деді Трехо.

Баладан басқа, оның айтуынша, машинада қарт әйел болған.

Апат салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети