BAFTA 2019 жылдың үздік фильмін атады 03 ақпан 2020, 11:16

Ұлыбританияның кино және телеөнер академиясыі (BAFTA) режиссер Сэм Мендостың "1917" драмалық картинасын әлемдегі үздік фильм деп атап, марапаттау рәсімінде жеті номинация бойынша жеңімпаз деп таныды, - деп хабарлайды TengriMIX премияның сайтына сілтеме жасап.
"1917" әскери драма тоғыз номинация бойынша ұсынылып, жетеуінде жеңіске жетті, оның ішінде мынадай номинациялар бар: сапалы дыбыс, визуал әсері, оператор жұмысы, қоюшы-суретшінің шеберлігі және режиссер. Ол "Үздік ұлыбританиялық фильм" болып танылды.
Sam Mendes accepts the award for Director for @1917FilmUK ? #EEBAFTAs #BAFTAs pic.twitter.com/A4TudCpFtn
- BAFTA (@BAFTA) February 3, 2020
Басты марапат үшін тағы үш фильм таласқа түскен еді - Мартин Скорсезенің "Ирландец" , Квентин Тарантиноның "Однажды в… Голливуде" және Тод Филлипстің "Джокері" .
"1917" кинокартинасы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі екі сарбаздың тағдыры жайында баяндайды. Оларға қауіпті миссия жүктеледі. Басты рөлдерде Дин-Чарльз Чепмен, Джордж Маккэй, Дэниел Мейс, Колин Ферт және Бенедикт Камбербэтч ойнайды.
Рене Зеллвегер "Джуди" биографиялық драмасындағы басты рөлі үшін "Үздік актриса" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Рене Зеллвегер. © EPA/UPG
Ал "Үздік актер" номинациясы "Джокер" фильмінің басты рөлінде ойнаған Хоакин Феникске бұйырды.
Хоакин Феникс. © EPA/UPG
Екінші пландағы үздік актер - Брэд Питт ("Однажды в… Голливуде"). Ол марапаттау рәсіміне қатыспады, оның орнына сыйлықты әріптесі Марго Робби алды.
Екінші пландағы үздік актриса - Лора Дерн ("Брачная история"). Ағылшын тілінде түсірілген үздік фильм номинациясын оңтүстіккореялық режиссер Пон Чжун Хоның "Паразиты" картинасы жеңіп алды. Сондай-ақ, ол "Үздік сценарий" номинациясында жеңді.
Bong Joon-ho and translator Sharon Choi return to the stage as @ParasiteMovie wins the award for Film Not In the English Language ?? #EEBAFTAs #BAFTAs pic.twitter.com/sS2K1AR2Sy
- BAFTA (@BAFTA) February 3, 2020
2019 жылы үздік толықметраж мультфильм - "Клаус" лентасына бұйырды.
Ұлыбританиялық BAFTA кинотелеакадемиясының сыйлығы 1948 жылдан бастап Лондонда беріліп келеді.