27 сәуір 2015 18:19

Бекмәмбетовтің фильмі өз шығынын америкалық прокатта еселеп қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cybernatural фильмінің кадры. ©youtube.com/Cybernatural Movie Cybernatural фильмінің кадры. ©youtube.com/Cybernatural Movie

Продюсер Тимур Бекмәмбетовтің және режиссер Лео Габриадзенің Unfriended фильмі өз шығынын америкалық прокатта 25 еселеп қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Box Office Mojo ресурсына сілтеме жасап.


Продюсер Тимур Бекмәмбетовтің және режиссер Лео Габриадзенің Unfriended фильмі өз шығынын америкалық прокатта 25 еселеп қайтарды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Box Office Mojo ресурсына сілтеме жасап.

Unfriended фильміне бір миллион доллар жұмсалған еді. Ал оның маркетингіне кеткен қаражат айтылмайды. Картина продюсері Бекмәмбетов фильмнің зерттеу ретінде түсірілгенін және оған сенімнің болмағанын айтты. 

Айта кетейік, режиссер Лео Габриадзенің ресейлік хорроры 17 сәуірде АҚШ экрандарынан көрсетіліп, 16 миллион АҚШ долларын тапты және кассалық жиындар бойынша үшінші орынға көтерілді. Box Office Mojo порталының хабарлауынша, бірінші орында Джеймс Ванның "Форсаж-7" фильмі тұр (29 миллион 56 мың доллар), екінші орында Энди Фикменнің "Толстяк против всех" фильмі тұр - 24 миллион доллар.

Картина оқиғасы компьютер экрандарында болатындықтан, фильмнің ұтымдылығы оның жанрына байланысты болып отыр. Картинада бір жыл бұрын қайтыс болған қыз өзінің сыныптастарымен Skype-те сөйлесетін болады. Қыздың өліміне фильм кейіпкерінің Интернетте күн көрсетпеуі себеп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети