07 ақпан 2014 10:47

Берлин кинофестивалі "Отель "Гранд Будапешт" картинасымен ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше 64 Берлин кинофестивалі "Отель "Гранд Будапешт" картинасымен ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Берлин кинофестиваліндегі басты сыйлық – "Алтын аю" жүлдесінен 15 картина үміткер. Киносыншылар фестиальдің бас жүлдесі жапон режиссері Едзи Ямадтың "Кішкене үй" және бразилиялық режиссер Карим Аинуздың "Болашақ жағажайы" картинасына бұйырады деп пайымдап отыр. Сондай-ақ байқаудың негізгі бағдарламасына осы жылы мына картиналар ілінді: "Қара көмір, жұқа мұз" (Қытай), "Ұл баланың балалық шағы" (АҚШ), "Қорқыныш тарихы" (Аргентина - Уругвай - Германия - Франция), "Джек" (Германия), "Ғайып болу" (Норвегия), "Сұлу мен құбыжық" (Франция - Германия), "Үшінші жағалау" (Аргентина - Германия - Нидерланды), "Қаладағы екеу" (Франция - Алжир - США - Бельгия), "Макондо" (Австрия), "Массаж" (Қытай - Франция), "Ешкімнің меншік жері емес" (Қытай), "Әлемдер арасында" (Германия), "Шоқындырылған жер" (Германия). Берлин кинофестивалінің кілемімен француз актрисасы Катрин Денев, Ума Турман, Мэтт Деймон, Джордж Клуни, Билл Мюррей, Брэдли Купер секілді киножұлдыздар жүріп өтпек. Байқаудың әділқазылар алқасын продюсер Джеймс Шамус басқарады. Әділқазылар алқасында Кристоф Вальц, Барбара Брокколи, Трине Дюрхольм, Митрэ Фарахани, Грета Гервиг, Мишель Гондри және Тони Люн Чу Вай секілді кино майталмандары бар. "Форум" секциясында қазақстандық режиссер Жанна Исабаеваның "Нағима" фильмі көрсетілмек. Бұл картина балалар үйінің тәрбиеленуші екі қызы жайлы. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы байқаудың негізгі бағдарламасына қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің "Асланның сабақтары" картинасы енген еді. Картина байқауда үздік операторлық жұмыс аталымы бойынша "Күміс аю" жүлдесін жеңіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети