05 наурыз 2019 08:54

"Беверли-Хиллз" телехикаясының жұлдызы Люк Перри қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kinopoisk.ru © kinopoisk.ru

"Беверли-Хиллз, 90210" телехикаясының жұлдызы Люк Перри 53 жасына қараған шағында инсульттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ сайтына сілтеме жасап. 


"Беверли-Хиллз, 90210" телехикаясының жұлдызы Люк Перри 53 жасына қараған шағында инсульттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ сайтына сілтеме жасап. 

Перри 4 наурызда таңертең Калифорнияды St.Joseph ауруханасында көз жұмды. Дәрігерлер актерді құтқаруға тырысса да, өмірін аман қала алмады. Перридің артында екі баласы қалды.

Variety мәліметі бойынша, актер жақындарының: балалары, қалыңдығы, бұрынғы әйелі, анасы, өгей әкесі, әпкесі мен ағасы, басқа да туыстары және достарының жанында қайтыс болды. Отбасы бүкіл әлем бойынша Люктің жанкүйерлеріне осы күндері көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. 

Люк Перри 90-жылдары шыққан "Беверли-Хиллз, 90210" телехикаядағы Дилан МакКейдің рөлі арқасында танымал болған. 52 жастағы актер "Ривердэйл" жасөспірімдер драмасында ойнаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети