26 сәуір 2021 09:55

Биыл "Оскар" жүлдесін алған фильм анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

clture.org clture.org

Nomadland (ағылшын тілінен аударғанда "Көшпенділер жері") фильмі "Оскар" жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Nomadland (ағылшын тілінен аударғанда "Көшпенділер жері") фильмі "Оскар" жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 сәуірде Лос-Анджелесте Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы ұйымдастыратын 93-інші "Оскар" жүлдесін табыстау іс-шарасы өтті. "Үздік фильм" номинациясын Nomadland ("Көшпенділер жері") иеленді. 2020 жылы түсірілген америкалық драманың режиссері, сценарисі мен монтажері Хлоя Чжао болған.

Басты кейіпкер АҚШ батысында саяхаттау үшін үйінен кетіп қалады, оны Фрэнсис МакДорманд сомдады. Екінші пландағы рольде Дэвид Стрэтэйрн ойнады, ал көшпенділер Линда Мэй, Суонки мен Боб Уэллс өз-өздерін сомдады. Фильм Джессика Брудердің "Көшпенділер жері" деректі романына негізделген.

Фильм режиссурасы, сценарийі, монтажы, операторлық және актерлік шеберлігін, әсірісе Фрэнсис МакДормандтың ойнын сыншылар жоғары бағалады. 93-інші "Оскар" жүлдесінде Nomadland алты номинацияға ие болды, соның ішінде "Үздік фильм", "Үздік режиссер", "Үздік әйелдер рөлі" (МакДорманд), "Үздік оператор" (Джошуа Джеймс Ричардс), "Үздік монтаж" және "Үздік бейімделген сценарий".

Фильм "Алтын глобус" жүлдесінде төрт номинация жеңіп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети