26 сәуір 2021 11:24

"Оскар-2021": жыл үздіктері белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Лос-Анджелесте "Оскар" сыйлығын табыстаудың 93-рәсімі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Лос-Анджелесте "Оскар" сыйлығын табыстаудың 93-рәсімі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша, Nomadland (ағылшын тілінен аударғанда "Көшпенділер жері") "Үздік фильм" номинациясында марапатталды

Фильм сюжеті бойынша, басты кейіпкер АҚШ батысында саяхаттау үшін үйінен кетіп қалады, оны Фрэнсис МакДорманд сомдады. Екінші пландағы рольде Дэвид Стрэтэйрн ойнады, ал көшпенділер Линда Мэй, Суонки мен Боб Уэллс өз-өздерін сомдады. Фильм Джессика Брудердің "Көшпенділер жері" деректі романына негізделген.

Бұл фильм тағы екі номинация бойынша үздік атанды. Хлоя Чжао "Үздік режиссер", Фрэнсис МакДорманд "Үздік әйел ролі" номинациясында жеңіске жетті. 

Ал "Үздік ер ролі" номинациясында The Father ("Әке") фильмінде басты рольде ойнаған Энтони Хопкинс "Оскар" алды. Бұл - Хопкинстің екінші "Оскары".

Сонымен, 2021 жылғы "Оскардың" жеңімпаздары:

Үздік фильм -  Nomadland ("Көшпенділер жері");

Үздік ер ролі - Энтони Хопкинс, The Father ("Әке");

Үздік әйел ролі - Фрэнсис МакДорманд, Nomadland (Көшпенділер жері);

Екінші пландағы үздік ер ролі - Дэниел Калуя, Judas and the Black Messiah ("Иуда және қара мессия");

Екінші пландағы үздік әйел рөлі - Юн Ёджон, Minari ("Минари");

Үздік режиссер - Хлоя Чжао, Nomadland ("Көшпенділер жері");

Үздік сценарий - Promising Young Woman ("Үміт беретін қыз");

Үздік бейімделген сценарий - The Father ("Әке");

Үздік анимациялық фильм - Soul ("Жан");

Үздік шетелдік фильм - Druk ("Салынып ішу");

Үздік деректі фильм - My Octopus Teacher ("Менің мұғалімім - сегізаяқ");

Үздік оператор - Эрик Мессершмидт, Mank ("Манк");

Үздік визуал эффектілер - Tenet ("Дәлел");

Үздік композитор - Soul ("Жан");

Үздік монтаж - Sound of Metal ("Металл даусы");

Үздік костюмдер дизайны - Ma Rainey's Black Bottom ("Ма Рейни: Блюз анасы");

Үздік дыбыс - Sound of Metal ("Металл даусы");

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм - If Anything Happens I Love You ("Бір нәрсе болып қалса, мен сені сүйемін");

Үздік қысқаметражды фильм - Two Distant Strangers ("Қашықтағы екі бейтаныс");

Үздік қысқаметражды деректі фильм - Colette ("Колетт");

Үздік қоюшы-суретші - Mank ("Манк");

Үздік грим мен шаш үлгісі - Ma Rainey's Black Bottom ("Ма Рейни: Блюз анасы");

Үздік ән - Fight for You әні, Judas and the Black Messiah ("Иуда және қара мессия").

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети