06 қаңтар 2020 10:35

"Чернобыль", Тарантино және Брэд Питт "Алтын глобус" алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лос-Анджелесте Голлоивудтың шетелдік басылымдар ассацицасы Алтын глобус" номинанттарын марапаттады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Лос-Анджелесте Голлоивудтың шетелдік басылымдар ассацицасы Алтын глобус" номинанттарын марапаттады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұлыбританиялық режиссер Сэм Мендес "1917" картинасы үшін марапатқа ие болды. Бұл санатта сондай-ақ, америкалық Квентин Тарантино ("Однажды… в Голливуде), Мартин Скорсезе ("Ирландиялық") және Тоддд Филлипс ("Джокер") ұсынылды.

Сыйлықты алу кезінде жеңімпаз "таңғалғанын" жасырмады. "Әлемдегі бірде-бір режиссер Мартин Скорсезенің көлеңкесінде бола алмайды деп айтуға рұқсат етіңіздер", - деді ол.

Брэд Питт "Однажды в… Голливуде" фильміндегі қосалқы рөлі үшін марапат алды. Питт үшін бұл "Алтын глобустағы" жетінші номинация және екінші жеңіс. Актер Аль Пачино ("Ирландиялық"), Джо Пеши ("Ирландиялық"), Энтони Хопкинс ("Екі әке") және Том Хэнкс ("Прекрасный день по соседству") сияқты киноэкранның жұлдыздарынан басып озды. 

HBO телеарнасының бес сериялы "Чернобыль" жобасы қысқа сериалдар санаты бойынша "Алтын глобусқа" ие болды. Бұл санатта "Уловка-22", "Фосси/Вердон", "Самый громкий голос" және "Невероятное" сериалдары ұсынылды.

Квентин Тарантиноның "Однажды в… Голливуде" фильмі "Үздік комедия/мюзикл" санатында жеңімпаз болды. Бұл санатта, сондай-ақ, Тайка Вайтитидің "Кролик Джоджо", Райан Джонсонның "Достать ножи", Әртіс Руди Мурдың "Менің атым Долемайт" атты биографиялық тарихы және режиссер Крэйг Брюэрдің "Рокетмен" Декстер Флетчердің өмірбаян тарихы ұсынылды.

1986 жылы Чернобыль АЭС-тегі қайғылы оқиға және оның салдарын жою жөніндегі күш-жігер туралы сериал HBО телеарнасында 2019 жылы шықты. 2019 жылдың қыркүйегінде халықаралық Emmy сыйлығын алды.

"Рокетмен" картинасында Элтон Джон ойнаған Тэрон Эджертон "Комедия/мюзиклдегі ең үздік ерлер рөлі" номинациясында жеңіске жетті. Сонымен қатар, бұл марапатқа Леонардо Ди Каприо ("Однажды в … Голливуде"), Эдди Мерфи ("Менің атым Долемайт"), Дэниел Крэйг ("Достать ножи"), Роман Гриффин Дэвис ("Кролик Джоджо") таласты. 2019 жылы осы сыйлықты Рами Малек "Богемская рапсодия" фильмінде Фредди Меркьюри рөлі үшін алған еді. 

Комедия/мюзиклдегі үздік актриса Аквафина (рэп-орындаушы Awkwafina) "Прощание" картинасындағы рөлі үшін алды. "Дрянь" картинасы "Үздік комедия сериалы" номинациясында жеңіске жетті. Квентин Тарантино "Однажды в... Голливуде" фильмі үшін "Алтын глобусты" сценариі үшін алды. Режиссер бұл сыйлықты үшінші рет алып отыр. 

Британ актрисасы Оливия Колман "Корона" сериясындағы рөлі үшін "Алтын глобус" жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети