1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Джордж Клуни скутермен апатқа ұшырады

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Голливуд актері әрі режиссері Джордж Клуни Италияның Сардиния аралында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды  РИА Новости La Nuova Sardegna басылымына сілтеме жасап.

57 жастағы актер Сардинияда Джозеф Хеллердің әскери-сатиралық романының желісі бойынша "Уловка 22" атты сериалын түсіріп жатқан. 

Сейсенбінің таңында Клуни скутермен түсірілім алаңына бағыт алған. Жолда ол автокөлікпен соқтығысқан: басылымда жарияланған фотосуретте Mercedes көлігінің әйнек жағы шытынаған болса, киножұлдыз мінген скутерге бірде-бір сызат түспеген. 

Клуни Олбия қаласының жергілікті ауруханасына жеткізілген. Томографиядан кейін ол жамбас пен аяқ-қол жарақатын алды деген диагноз қойылған.

Оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағаны айтылады. Көп ұзамай оқиғадан кейін ауруханаға оның әйелі Клуни Амал келіп, екеуі бірге медициналық мекемеден шыққан.