14 тамыз 2021 12:30

ER-BATYR жобасында Асылхан Төлепов: Жылайтын заман емес, жұмыс істеу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - танымал театр және кино актері Асылхан Төлепов. Ол жүргізуші Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында екінші ұлының есімін қалай таңдағанын, кейінгі жылдары киноға неге көп түспейтінін, депутат болғаннан кейін сынды қалай көтергенін, сонымен қатар, "Өнер барысы" жобасындағы жеңісі туралы айтып берді.


ER-BATYR жобасында - танымал театр және кино актері Асылхан Төлепов. Ол жүргізуші Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында екінші ұлының есімін қалай таңдағанын, кейінгі жылдары киноға неге көп түспейтінін, депутат болғаннан кейін сынды қалай көтергенін, сонымен қатар, "Өнер барысы" жобасындағы жеңісі туралы айтып берді.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан, продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети