03 қазан 2020 11:31

Жылдық табысы ең жоғары актрисалар рейтингі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіден алынған сурет. София Вергаро Әлеуметтік желіден алынған сурет. София Вергаро

Америкалық Forbes табысы ең жоғары топ-10 актрисаның есімін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости


Америкалық Forbes табысы ең жоғары топ-10 актрисаның есімін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости

Рейтингке қатысушылар жалпы 254 миллион доллар тапқаны хабарланды. Бұл ретте басылымның ақпаратынша, олардың табысы бір жылда 20 пайызға қысқарған. Барлық дерлік актриса ақысының көп бөлігін стриминг сервистер мен телевизиялардан алған.

Бұл тізімді Modern Family хикаясының жұлдызы София Вергара бастады. Екінші орында 35,5 миллион доллар тапқан Анджелина Джоли тұр. Ол табысының көп бөлігін стриминг сервистер мен телевизиялардан емес, дәстүрлі кинодан тапқан санаулы актрисалардың бірі. Үшінші орынды 31,5 миллион доллар табысы бар Галь Гадот алды - израилдік актриса және модель "Бэтмен против Супермена: На заре справедливости" фильмдеріндегі рольдерімен, сондай-ақ "Форсаж" фильмдерінен танымал.

"Forbes кірісі ең көп актрисалардың рейтингін жасағанда Nielsen, Box Office Mojo және IMDB деректеріне, сондай-ақ салалық инсайдерлермен сұхбатқа сүйенген. (...) 2020 жылдың маусымына дейінгі 12 айдағы кіріс есепке алынды", - делінген хабарламада.

Рейтингке америкалық актриса Мелисса Маккарти, Мэрил Стрип, Эмили Блант, Николь Кидман, "Анатомия страсти" телехикаясындағы Мередит Грей ролімен танымал Эллен Помпео, Элизабет Мосс және Виола Дэвис кірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети