18 қазан 2019 09:32

Қарағандыда Нұртас Оңдасынов туралы "Биліктен биік тұлға" деректі фильмі көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда Нұртас Оңдасынов туралы "Биліктен биік тұлға" деректі фильмнің көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлына сілтеме жасап.


Қарағандыда Нұртас Оңдасынов туралы "Биліктен биік тұлға" деректі фильмнің көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Қарағанды облысына іссапармен барды.

Сапар барысында Зауытбек Тұрысбеков Қарағандыда Достық үйінде халықпен кездесу өткізді. Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында халқына қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін танытқан ірі қайраткер Нұртас Оңдасынов туралы "Биліктен биік тұлға" деректі фильмнің көрсетілімі болды. Фильмнын авторы Назгүл Абутрапова.

Зауытбек Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тапсырмасының жүзеге асыру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

"Атап айтқанда, шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының жұмыстары жандануда. Шет елдерде тұратын қазақ диаспоралары өкілдерінің өтініштеріне байланысты мәдени орталықтарды музыка аспаптарымен, қолөнер бұйымдарымен, ұлттық киіммен қамтамасыз ету мәселесіне орай, біз "Дәстүрлі қоржын" атты кең ауқымдағы жобаны жүзеге асырудамыз", - дейді ол.

Сондай-ақ, шетелдегі бауырларымыздың сұрауымен қазақ халқының салт-дәстүрі мен атақты тарихи тұлғалары туралы арнаулы роликтер шығара бастадық. Шеттегі атақты танымал қазақтар туралы "Алыстағы ағайын" фильмдері шығарылып жатырд

Зауытбек Тұрысбеков қандастардың оқу, білім алу мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. ЖОО оқуға шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне квота көлемі 4 пайызға артты. 2019 жылы ЖОО дайындық бөлімдеріне 1 000 орын аса бөлінді.

Сондай-ақ, биыл алғаш рет магистратураға, докторантураға грант бөлініп отыр. Қазақ тілін, тарихын, дәстүрін үйрететін жазғы демалыс лагерьлер ұйымдастыруды қолға алып, жылдан-жылға дамытып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы шет елдегі және елге келген ағайынды қолдап, жәрдемдесу үшін жасалып жатыр.

Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр ішінде Елбасымыздың басшылығымен еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Соның бірі - мемлекеттік шекарамыз шегенделіп, босағамыз бекіді, әлемдік аренада саяси салмағы артты. Әрбір тарихи кезеңде өмір сүрген тұлғалардың өзіндік үлесі бар. Оны ұмытпау керек. Жастарға айту керек - дейді Тұрысбеков

Осы жумыстын шеңберінде ДҚҚ мен белгілі режиссер фильмінің авторы Назгүл Абутраповамен бірлесіп, "Кісендеулі жолбарыс" атанған ірі саяси тұлғамыз Жұмабек Тәшенев, Мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, математикадан тұңғыш қазақ профессоры Әлімхан Ермеков секілді алыптардың ғұмырнамасы, атқарған еңбектері жайлы деректі фильмдердің түсіруді жоспарлап отыр. Жақын күндері көрермен назарына ұсынылатын болады. Шараға жиналған халықпен зиялы қауым өкілдерімен еліміз тарихына қатысты айтылған әңгімелерге үлкен қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, Зауытбек Қауысбекұлы Қарағанды облысындағы сапары барысында қазақтың математикадан тұңғыш профессоры Әлімхан Ермековтың басына барып құран бағыштады.

Нұртас Оңдасынов туралы "Биліктен биік тұлға" деректі фильмді Назгүл Абутрапованың ҮouTube хостингіндегі Назгүл Абутрапова каналынан тамашалауға болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети