08 желтоқсан 2016 15:39

Қазақстандық боксшы қыз "Тақтар ойыны" сериалына түсуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фируза Шарипова Фируза Шарипова

Қазақстандық кәсіпқой бокстың шаршы алаңында өнер көрсететін Фируза Шарипова "Тақтар ойыны" сериалына түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы AllFight.Ru басылымына қазақстандық спортшының менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді. 

"Маған Голливудтан қоңырау шалып Фируза Шарипованың белгілі бір форматта видеоға түсіп, өздеріне жіберуін сұрады. Видеоролик "Тақтар ойыны" режиссерлеріне жіберілді. Бізді телеарна продюссерлерінің Фирузаға қызығушылық танытқаны қуантады. Әрине, біз видео түсіріп жібереміз және жақсы жауап күтетін боламыз. Сондықтан Фируза Шарипова жақын арада "Тақтар ойыны" сериалының жетінші маусымына түсуі мүмкін", - дейді Завилейский.

Осыған дейін, "Тақтар ойынына" UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың түсетіні хабарланған.

Таяуда Шарипова өзіне бірден екі фильмге түсуге шақырғанын айтқан. Кәсіпқой бокста ол үш кездесу өткізді. Шарипова 24 қыркүйекте Иса Ақбербаевтың андеркартында сербиялық Милена Матовичті техникалық нокаутпен ұтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети