27 қазан 2018 12:36

Қазақстандық фильм Голливудтағы фестивальда үздік деп танылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандық "Әміре" фильмі Голливудтағы фестивальда үздік деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық "Әміре" фильмі Голливудтағы фестивальда үздік деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы фильмде басты рөлді ойнаған актер Санжар Мәдиев Instagram әлуметтік желісіндегі парақшасында айтты. 

"Достар! Біздің "Әміре" (Paris Song) фильмі Hollywood Film Festival фестивалінде қазылар алқасының жоғары бағасын алды және бірінші орынды иеленді", - деп жазды ол.

Фильмде қазақтың атақты әнші, актер әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың жарқын, бірақ қысқа, жұмбақ өмірі көрсетілген. 1925 жылы музыкант Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes аясында Дүниежүзілік музыка байқауына Парижге аттанады. Онда КСРО делегациясының әртісі ретінде Әміре Қашаубаев көрерменді таңғалдырып, күміс медальға ие болады. 


"Әміре" фильмі  "Қазақфильм" киностудиясының 2018 жылғы алғашқы ірі бірлескен жобасы болды. Халықаралық түсірілім тобын американдық қоюшы режиссер Джефф Веспа, оператор Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") басқарды. Сценарий авторы А. ван дер Вин. Фильмдегі басты рөл Санжар Мәдиевке бұйырды, сонымен қатар фильмде Еркебұлан Дайыров, танымал британдық актер Бен Алдридж, "Область тьмы", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмдерімен танылған америкалық актриса Эбби Корниш және басқалары ойнайды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети