Қазақстандық жазушының кітабы бойынша түсірілген фильм прокатқа шығады

18 Қаңтар, 14:41
0
Қазақстандық жазушының кітабы бойынша түсірілген фильм прокатқа шығады - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Қазақстандық жазушы Данияр Сүгіралиновтың "Кірпіштер 2.0" кітабының желісі бойынша түсірілген фильм отандық прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тренинг личностного роста" әлеуметтік драмасы үлкен экранда 2019 жылдың 31 қаңтарынан бастап шығады. Режиссері - "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмін түсірген Фархат Шәріпов.

"Өз өміріңді өзгерту ешқашан да кеш емес. Бұл фильмдегі басты ойлардың бірі. Осы кинотуынды арқылы біз адамның проблемалары және ішкі-жан дүниесінің күйзелісі туралы, күйбең тіршілік арқылы ашып көрсетуге тырыстық", - дейді фильм туралы Фархат Шаріпов.

Фильм жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат есімді азамат туралы баяндайды. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу - көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады. Коуч-тренер жетістікке қалай жету керектігін және көшбасшы бола білудің әдістерін айтады. Көшбасшы болудың құпияларын бойына сіңіре келе, Қанат өзін және өмірге деген көзқарасын өзгертуге бекінеді.

"Бәлкім, жас буынға фильмнің драмалық негізін түсіну қиынға соғатын шығар. Картина өмірлік тәжірибесі бар, көп нәрсені басынан кешкен адамдарға ұғынықты. Айтпағым, жас көрермен кейіпкердің қартайған анасына қарауы, отбасы құрдымға кетіп бара жатқанына уайымдауы, жасөспірім қызымен тіл табыса алмауы секілді мәселелерді түсіне алмайды деп ойлаймын. Маған бастысы, көрермен фильмді көріп, "қылмыс орын алды ма, кейіпкердің бірі кінәлі ме әлде жоқ па?" - деген сауал қоя алуы маңызды", - деді фильм режиссері.

Айта кетейік, осы кинотуынды 23-ші Халықаралық Пусан Кинофестивалінің "Азия киносына назар салу" бағдарламасына қатысқан болатын. Сондай-ақ, аталған туынды 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестиваліне қатысып, қазылар алқасының арнайы жүлдесі мен НЕТПАК призіне лайықты деп табылды.

Фильмнің түсіру жұмыстары Алматыда жүргізілді. Картинаның басты рөлін сомдауға көптеген үміткерлердің арасынан Дулыға Ақмолда бекітілген болатын. Сонымен қатар, фильмде Ержан Түсіпов, Гүлжамал Қазақбаева, Әсел Қалиева, Филипп Волошин және басқа да актерлер түскен. 

Данияр Сүгіралинов фантастика жанрында жазылған "Кірпіштер" және "Кірпіштер 2.0", сонымен қатар, "Level up. Рестарт" кітаптарының авторы. Оның соңғы туындысын ресейлік "Эксмо" баспасы басып шығарған. Аталған туынды Amazon.com сайтына сатылымға түскен.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай