23 шілде 2014 19:16

Қазақстандық композитор әуен жазған фильм Торонто фестиваліне қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Америкаша тонау" фильміне постер. ©Enjoy movies "Америкаша тонау" фильміне постер. ©Enjoy movies

Ресейлік режиссер Сарик Андреасянның "Америкаша тонау" (American Heist/"Ограбление по-американски") фильмі Торонто (Канада) кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына өтті. Картинаның композиторы - қазақстандық музыкант Әлім Зайыров. 26 жастағы пианистің композициясы фильмнің басынан-аяқ ойналады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік режиссер Сарик Андреасянның "Америкаша тонау" (American Heist/"Ограбление по-американски") фильмі Торонто (Канада) кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына өтті. Картинаның композиторы - қазақстандық музыкант Әлім Зайыров. 26 жастағы пианистің композициясы фильмнің басынан-аяқ ойналады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильмге арналған музыкалық туындыны Әлім украин музыканты Роман Вишневскиймен бірге жазған. Бұрын ол Романмен бірге өзінің тұңғыш альбомын жасаған болатын. Бұл - жас композитордың үлкен кинематографтағы алғашқы тәжірибесі, бұған дейін ол тек студенттік жұмыстарға ғана қатысып келген.

"Мен өзімнің тұңғыш альбомымды шығарған кезде ары қарай еңбектену керектігін түсіндім. Сол кезде пост-продакшн деңгейінде болған бұл фильмге кездейсоқ жолықтым. Мен оны ресейлік жұмыс тобы жасап жатқанын біліп, олармен байланысқа шықтым. Режиссермен алғашқы сөйлесу тәжірибем сәтсіз болды, бірақ арада біршама уақыт өткенде тағдыр мені музыкалық продюсер Арташес Саркисянмен кездестірді. Мен оған өзімнің альбомымды тыңдауға бердім, ол өзіне музыка ұнағанын айтып, бірге жұмыс істеуді ұсынды. Біраз уақыттан соң ол қоңырау шалып, "Америкаша тонау" фильміне музыка жазуға ұсыныс айтты. Содан кейін мен бірнеше минут үнсіз отырдым, мен шокты сезіндім", - дейді Әлім Зайыров.

Композиторлар фильмнің музыкасын бір ай ішінде жазып бітірген. "Біз "алғашқы сезіну эффектісі" деген ұғымға сүйендік, яғни фильмнің эпизодын қарап аламыз да, ойымызға келгенін бірден бейнелеуге тырысамыз, ұзақ толғануға уақыт кетірмейміз. Әрине, кейбір сәттерде дыбыс жақсы болуы үшін бірнеше күн бойы жұмыс істеуге тура келді", - дейді композитор.

Торонтодағы кинофестиваль кинематографистер әлемінде "Оскар" сыйлығы алдындағы іріктеу сияқты саналады. Өйткені мұнда іріктеу комиссиясы канадалық фестивальдің барлық картинасын қарап шығады. "Америкаша тонау" фильмінің түсіру тобы әлемдік кинематографтағы беделді сыйлыққа бір табан жақындай түсеміз деп үміттенеді.

"Америкаша тонау" картинасы ғасырдың ең ірі қарақшылық әрекетін жасауды ойластырған ағайынды екеу туралы баяндайды. Кино 2013 жылы Жаңа Орлеанда түсірілді. Басты рольдерді Голливуд жұлдыздары Эдриен Броуди ("Пианист"), Хайден Кристенсен ("Жұлдызды соғыстар"), Джордана Брюстер және рэпер Akon орындады. Фильмнің Қазақстанда көрсетіле бастайтын уақыты әзірше хабарланған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети