04 қаңтар 2017 12:44

Қазақстандық режиссер тастанды сәбилер жайлы фильм түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнен алынған скриншот Фильмнен алынған скриншот

Қазақстандық режиссер тастанды сәбилер жайлы қысқаметражды фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер тастанды сәбилер жайлы қысқаметражды фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картина 2017 жылдың көктем айларында көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

"Қазіргі уақытта тастанды балалардың мәселесі өзекті тақырыптардың бірі болды. Біз осы жайлы фильм түсіруді шештік. Адамдарға, көрермендерге мұның нағыз сұмдық екенін көрсету керек. Сюжет бойынша, жасөспірім қыз сәбиінің өлімімен күресіп, әрі қарай өмір сүруіне тура келеді", - деді Шәрипа Оразбаева Tengrinews.kz тілшісіне.

Режиссердің айтуынша, фильм Астанада достарының және таныстарының көмегімен түсірілген. Сондай-ақ, Шәрипа Оразбаева қаражаттың жетіспеушілігінен қысқаметражды фильм түсіруге тура келгенін айтты.

"Біз көрермендерге фильмнің басты идеясын түсіндіру үшін толықметражды фильм түсіреміз деп жоспарладық. Алайда қаражат жетіспеушілігіне байланысты біз қысқаметражды фильм түсірдік. Егер де адамдар бұл фильм ұнап жатса, біз толықметражды етіп түсіруді де жоспарлаймыз. Сондай-ақ, Интернетте жариялайтын боламыз. Қазір бізде post-production, сондықтан фильмді мамыр айында көрсетеміз. Ал фильмнің авторлары жайлы айтатын болсақ, олар - мен және Майра Жұмабекова", - деді режиссер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети