03 қазан 2014 12:35

Қазнеттің ең көп жүктелетін фильмдері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Арындылар-3" фильмінің постері. ©horrorzone.ru "Арындылар-3" фильмінің постері. ©horrorzone.ru

Интернеттің қазақстандық сегментінен ең көп жүктелетін фильмдер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рейтинг торрент-трекерлер мәліметі негізінде жасалды, оған 2014 жылы шыққан фильмдер ғана енді.


Интернеттің қазақстандық сегментінен ең көп жүктелетін фильмдер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рейтинг торрент-трекерлер мәліметі негізінде жасалды, оған 2014 жылы шыққан фильмдер ғана енді.

Қазнеттің ең көп жүктелетін фильмі - режиссер Патрик Хьюздің "Арындылар-3" ("Неудержимые-3") боевигі. Қазақстандық көрерменді бұл фильм алдыңғы бөлімдерімен және жұлдызды актерлік құрамымен қызықтырған болуы керек. Фильмнің үшінші бөліміне Сильвестр Сталлоне, Джейсон Стэтхем, Джет Ли, Антонио Бандерас, Уэсли Снайпс, Дольф Лундгрен, Мэл Гибсон, Харрисон Форд, Арнольд Шварценеггер, Терри Крюс және Рэнди Кутюрлер түсті. Картинада Дуэйн Джонсон, Джеки Чан, Клинт Иствуд, Стивен Сигал, Николас Кейдж сияқты басқа да атақты актерлердің ойнауы мүмкін болды. Фильм әлемдік прокатта 200 миллион доллар жинады, өзінің бюджеті 90 миллион болатын.

Ең көп жүктелетін фильмдер рейтингінің екінші орнында - "Тасбақа-ниндзя". Тізімнің үшінші орны "Галактика сақшылары" қиял-ғажайып фильміне бұйырған. Бұл салыстырмалы түрде жаңа фильм, картинаны жүктеп алушылардың әлі де көп болатынын ескерсек, оның рейтингтің көшін бастауы да ғажап емес.

Дуэйн Джонсон "Арындыларға" түсуді ойлағанымен кейін Геракл туралы фильмнің бас кейіпкерін сомдауды артық көрген еді. Бұл фильм рейтингтің төртінші орнын иеленді. Бесінші орын "Құрметке ие болған" ("Посвященный") фантастикалық драмасына тиді. Оның рольдерінде Джефф Бриджес, Мэрил Стрип және Кэти Холмс ойнайды. Ең көп жүктелетін фильмдер арасындағы алтын орынға басты ролінде Джонни Депп ойнайтын "Артықшылық" ("Превосходство") фантастикасы жайғасты.

Одан кейінгі орында - "Өмірде бір-ақ рет" ("Хоть раз в жизни") мелодрамасы, бұл - бірлесіп альбом жазбақ болған екі музыканттың махаббат хикаясы. Рейтингтің сегізінші орнын "Ғарасат түні-2" ("Судная ночь-2") триллері иеленді, бұл келешектегі соғысы мен қылмысы жоқ жерұйық әлемнің тұжырымдамасы туралы фильм. 10-орынға кинопрокаттағы жаңа туынды - "Қастандық теориясы"("Теория заговора") атыс-шабыс фильмі ие болды. Мұнда Орландо Блум мен Форест Уитакер Кейптаун геттосында бір қызды өлтірген қылмыскерді іздестіретін полицейлердің ролінде ойнайды. Рейтингтің соңғы орнына француздың "Есалаң той" ("Безумная свадьба") комедиясы тұрақтаған. Комедия - өзінің төрт қызын күйеуге беруді ойлайтын ерлі-зайыпты туралы хикая.

Қазнетте ең көп жүктелетін қазақстандық фильмдер де анықталды. Көш басында - Ермек Шахметтің "Анаша" деректі фильмі. 2009 жылы түсірілген туынды марихуана қолданудың салдары туралы әңгімелейтін нашақор туралы. Екінші орынды кеңес киносының аңызы - қазақстандық режиссер Рашид Нұғмановтың "Ине" картинасы иеленді. Еске сала кетейік, бұл фильмнің басты ролінде "Кино" тобының фронтмені Виктор Цой ойнайды. "Қажетті заттар факультеті" аталатын боевик те ең көп жүктелетін фильмдердің бірі атанып отыр. Көп жүктелетін қазақстандық фильмдердің алғашқы ондығына "Менің атым Қожа", "Қыз Жібек" сияқты әйгілі ленталар да енген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети