30 қазан 2020 13:14

Кеңес Одағынынан шыққан адамжегіш туралы фильм Кореяда жүлделі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық "Үш" фильмі Пусан халықаралық кинофестивалінде марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Screen Daily сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық "Үш" фильмі Пусан халықаралық кинофестивалінде марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Screen Daily сайтына сілтеме жасап.

Пусан халықаралық фестивалінің New Currents ("Жаңа ағын") секциясында жеңіске жеткен кинокартинада өмірде болған адам - Кеңес үкіметі кезіндегі адам етін жеген Николай Жұмағалиев туралы баяндалады. 

Фильм режиссері - Руслан Пак, басты рольдерде Асқар Ілиясов, Самал Еслямова, Ержан Түсіпов және Нұржан Садыбеков ойнайды.

Биыл "Үш" фильмі New Currents Awards жүлдесін жапониялық Харумото Дзюджиро түскен "Баланс" фильмімен бөлісті.

"Екі фильм де адамзат қоғамындағы терең ой туралы түсірілген, бірақ әрқайсы бірегей кинематографиялық тілде сөйлеген. Олар адамның әлсіздігі мен сәтсіздіктерін мойындау қажеттігі туралы маңызды және ауыр шешімге шақырады. Пандемия болса да бұл екі керемет фильм кино өнімінің үздіксіздігіне кепілдік береді", - деді режиссер Мирой Наир бастаған New Currents секциясындағы қазылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети