06 ақпан 2018 15:09

Кейт Уинслет пен Леонардо Ди Каприо жас анаға қатерлі ісіктен емделуге көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© THE DAILY BRAILLE © THE DAILY BRAILLE

29 жастағы Джемма Натталл жүкті кезінде ағзасында қатерлі ісіктің барын анықтаған. Әйел адам балаға зияны тимеуі үшін емделуден бас тартқан. Ал босана салысымен дәрігерлер Джеммаға жарты жыл ғана өмір сүретінін айтқан. Джеммадан емделу үшін неміс клиникасы 400 мың АҚШ долларын сұраған. Өзінде ондай қаражат болмаған соң, әйел адам интернет арқылы елден көмек сұраған. Бұл туралы Daily Mail жазады.

Оның оқиғасын естіген Кейт Уинслет "Титаник" фильмінде өзімен бірге түскен Леонардо Ди Каприоға айтып, көмектесуді ұйғарған. Олар "Джек және Роузбен үш түн" дегенді аукционға шығарған. Сатып алушы актерлермен кешкі ас ішіп, қаражатты Джемманың есебіне жіберуі керек болған. 

"Мен Кейтке қалай алғысымды білдірерімді білмеймін. Оның көмегінсіз менің өмірім қалай боларын елесте де алмаймын. Біз барлығы да бітті деп ойладық, алайда ол бізге қоңырау шалып, көмектесетінін айтты", - дейді Джемма. 

Емделу кезеңі аяқталғаннан кейін Джемма тексерістен өткен. Қорытындысы бойынша оның ағзасында обырдың ізі де қалмағаны анықталған.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети