27 қараша 2014 17:12

Кустурица "Қожайындар" фильмінің авторын өз кинофестиваліне шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Эмир Кустурица. ©REUTERS Режиссер Эмир Кустурица. ©REUTERS

Сербтің әйгілі режиссері Эмир Кустурица қазақстандық "Қожайындар" фильмінің авторы Әділхан Ержановты өзінің кинофестиваліне шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сербтің әйгілі режиссері Эмир Кустурица қазақстандық "Қожайындар" фильмінің авторы Әділхан Ержановты өзінің кинофестиваліне шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ержановтың айтуынша, Кустурица шақыртуын өзі жіберіпті. "Бұл өте тамаша, себебі ол Рой Андерссон сынды карикатуралық шынайылығы ерекше режиссерларды шақырды. Бұл шынында да - мен үшін зор абырой!", - дейді "Қожайындар" фильмінің авторы. 

"Кустендорф" кинофестивалі осымен сегізінші рет Белградқа жақын маңда өткелі тұр. Есте қалатыны, ол жерге бүкіл әлемнен режиссерлар шақырылады. Шараға тек "голливудтық" рухта емес, төл кино түсіргендер ғана қатыса алады. Фестиваль әдетте жолдастық, қарапайым түрде өтеді - қызыл кілем төселмейді, папарацци да болмайды. Дегенмен "Кустендорф" әр жылдары Джим Джармуш пен Джонни Депп сынды атақты адамдарды қонақ қылады.

Кустурицаның қазақстандық режиссерға жолдаған шақыруында: "Қымбатты Әділхан! Мен сізді кинофестивальге шақырғаныма қуаныштымын, сіздің соңғы "Қожайындар" фильміңізді тамашалап, рахаттанғым келеді". (...) Фестиваль кезінде біз жеті үздік режиссерды таңдау үшін фильмдерді студенттерге көрсетеміз. "Заманауи тренд" секциясында мен сіздің фильміңізді Никита Михалков, Андрей Кончаловский, Альфонсо Куарона, Элис Рорвакер мен Рой Андерссонның жұмыстарымен тең көремін", делінген. 

Еске сала кетейік, Кустурица фестивальде көрсеткелі отырған "Қожайындар" фильмінің әлемдік тұсаукесері Каннада өтті. Кейін Әділхан Ержановтың жұмысы Словакия, Голландия, Польша, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей, Канада мен Францияда кинофестивальдарға қатысты. Картина сонымен қатар Минскте өткен 21-халықаралық кинофестивальда "Лістапад" жүлдесіне ие болды. Кинолента елдегі жемқорлықтың кесірінен үйсіз қалған екі бауыр мен қарындастары жайында.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети