28 шілде 2017 12:48

Қытайда комада жатқан қазақстандық актер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда биыл "Жыл актері" атағы мен Қарағанды облысы әкімінен сыйақы алған театр актері Алексей Шумский қайтыс болды. Жақында актердің комада жатқаны және Қазақстанға жеткізілетіні белгілі болған еді. Туыстары сол күйі актермен қоштасып үлгермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол кеше шамамен күндізгі сағат 4-терде қайтыс болды. Қазіргі уақытта оның жақындары шекарада. Өлімінің себебі әзірше белгісіз. Бауыры ауырған сияқты. Барлығы денені ашқан соң белгілі болады", - деді Алексей Шумский еңбек еткен театр өкілдері.

Актер Үрімшіге демалуға барған болатын. Бірақ бірден өзін жаман сезініп, комаға түсіп қалған. Ауруханаға жеткізілген. Кейінірек актердің медициналық сақтандырусыз келгені белгілі болды, сондықтан ол шетелдік клиникаға күнделікті 160 мың теңге төлеп ем алған. Содан актерді Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылданған. Сол үшін оның туыстары шекарадағы Зайсан қаласына шыққан, бірақ олар актерді көріп үлгермеді. Туыстары қайғылы жағдайды жолда естіген.

"Ол біздің театрда 2004 жылдан бері жұмыс істеді. Жақсы, мейірімді адам еді. Барлығымыз қатты қайғырып отырмыз", - деді қайтыс болған актердің әріптестері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети