1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Мәскеуде соққы көрген Сами Насери Желі қолданушыларына алғысын білдірді 08 тамыз 2018, 09:02

Мәскеудегі барлардың бірінде Беларусь азаматтарынан соққы көрген француз актері Сами Насери әлеуметтік желі қолданушыларына оның бас жарақатын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© РИА Новости / Екатерина Чеснокова © РИА Новости / Екатерина Чеснокова

Мәскеудегі барлардың бірінде Беларусь азаматтарынан соққы көрген француз актері Сами Насери әлеуметтік желі қолданушыларына оның бас жарақатын алғаны жайлы жалған хабарламалар таратпағаны үшін алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осыдан бірнеше апта бұрын менің өлімім жайлы хабарламалардан кейін жалған хабарламаларды таратуды жалғастырмағандардың барлығына алғыс айтамын. Жағдайым жақсы. Таяуда жаңа жобаларымызды тамашалай аласыздар", - деп жазды актер Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, актер бауыры әрі ресейлік саяхатшы Федор Конюховпен түскен суретін жариялады.

Еске сала кетейік, актерді Мәскеудегі барлардың бірінде ұрып-соққан болатын. Кейінірек оған сонда ота жасалып, ол Францияға қайта алмаған еді.

Mash басылымының мәліметінше, оны Беларусь азаматтары ұрып-соққан. Ер адамдардың арасында жанжал шығып, кейіннен ол төбелеске ұласқан.



Join Telegram