13 шілде 2016 14:14

Министрлік өкілдері режиссер мен Мұхамедиұлының арасында шыққан дауға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет істері жөніндегі департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова "Феникс" фильмінің режиссері Талғат Жәнібеков пен министр Арыстанбек Мұхамедиұлының арасында шыққан дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет істері жөніндегі департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова "Феникс" фильмінің режиссері Талғат Жәнібеков пен министр Арыстанбек Мұхамедиұлының арасында шыққан дауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, дау 2015 жылдың маусымында шыққан еді. "Феникс" фильмін түсірушілер Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігін түсірілім жұмыстарын үзіп тастады деп айыптаған еді. Кейін олар Арыстанбек Мұхамедиұлын ресейлік-америкалық Aldamisa Entertainment компаниясымен біріккен "Феникс" жобасы тоқтап қалғанына байланысты айыптаған еді. Таяуда режиссер Талғат Жәнібеков Мұхамедиұлы бопсалаумен айналысты деп мәлімдеп, видео жариялаған болатын. Айтуынша, министр фильмді қаржыландыру үшін ақша сұраған.

"Қоғамның әрбір мүшесінің өз пікірі бар. Министрлік мәдениет саласындағы құзырлы орган. Тақырыптық мәселелер - тағайындау, дамыту, тоқтату жұмыстарын киноөндірістің негізгі фабрикасы саналатын "Қазақфильм" іске асырады. Олардың шешімі сарапшылар комитетінің шешіміне негізделген. Бұл шығармашылық мәселер және оны киностудия шешіп, министрлікке ұсынады. (...) Айтылған айыптаулардың барлығын заңгерлер мен тіл мамандары зерттеп жатыр. Нәтижесі кейін ұсынылады", - деді Райымқұлова қазақстандық кинематографияның даму концепциясы талқыланған дөңгелек үстелдің үзілісінде.

Бастапқыда дөңгелек үстелге министр Мұхамедиұлының өзі келуі керек болған, алайда ол жұмыс кестесінің қауырттығына байланысты шараға қатыса алмапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети