10 сәуір 2021 13:45

Mortal Kombat 2021 Қазақстанда қашан көрсетіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнен алынған кадр Фильмнен алынған кадр

Mortal Kombat 2021 фильмі казақстандық көрерменге кинотеатрлар ашылған соң жол тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Mortal Kombat 2021 фильмі казақстандық көрерменге кинотеатрлар ашылған соң жол тартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kino.kz сайтының деректері бойынша, танымал видеоойын негізінде түсірілген фильм Қазақстанда 29 сәуірден бастап көрсетіледі, алайда kinopark.kz сайтында премьера 22 сәуірде болатыны жазылған. Ал HBO Max-тағы фильмінің онлайн премьерасы 23 сәуірге жоспарланып отыр.

"Фильмнің ресейлік және қазақстандық кинотеатрларда бір уақытта басталуы әдеттегі жағдай. Алайда санитария дәрігерлер Қазақстанның көптеген қаласында кинотеатрларды жауып тастағанын және осыған байланысты Мортал Комбат фильмін көрсетуге мүмкіндік жоқ екенін еске салғымыз келеді. Қазақстанда кинотеатрлар ашылғаннан кейін фильмді көрсетеміз. Ал әзірге ол Ресей, Белорусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да көршілес елдердің кинотеатрларында үлкен жетістікпен көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады Кинопарк кинотеатрлар желісінің өкілі.
 

Айта кетейік, Ресейде Mortal Kombat прокатқа шықпай тұрып рекорд орнатты. Фильм көрсетілімдеріне билеттер 30 миллион рубльге алдын-ала сатып алынып қойды. Ал посткеңестік кеңістіктегі елдердің көбінің тұрғындары 8 сәуірден бастап Mortal Kombat фильмін кинотеатрларда көріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети