22 қараша 2016 22:44

Назарбаев университетінде студенттердің дәстүрлі кинофестивалі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Андрей Ершов © Андрей Ершов

2016 жылы қарашада Назарбаев Университетінің студенттері базасы және Жастар Парламентінің ұйымдастыруымен Annual Student Film Festival 2016 шарасы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жастар Парламенті-Астана" ұйымының төрағасы Айдана Сапуанға сілтеме жасап. 


2016 жылы қарашада Назарбаев Университетінің студенттері базасы және Жастар Парламентінің ұйымдастыруымен Annual Student Film Festival 2016 шарасы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Жастар Парламенті-Астана" ұйымының төрағасы Айдана Сапуанға сілтеме жасап. 

Биыл Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай өткізілген студенттердің дәстүрлі кинофестивалінде Назарбаев Университетінің жаңа кинотеатрының ашылу салтанаты өтті.  

Кинофестивальге 10 қысқаметражды фильм ұсынылды, бұл фильмдерді студенттер өздері түсірген. Жас режиссерлар өз еңбектерінде қоғамдық мәселелер тақырыбында түсірген - парақорлық, Отанды сүю, әлеуметтік теңсіздік және тағы басқа. 

Кинофестиваль қызыл кілем мен фотосессиядан басталды. Осыдан кейін Назарбаев Университетінің президенті Шиего Катсу кинотеатрдың ашылу салтанатын бастады. Негізгі бағдарламада фильмдерді тамашалау және талантты студенттердің өнерін тамашалаумен өтті. Сахнада оркестр ұлттық аспаптарда "Тақтар ойыны" және "Кариб теңізінің қарақшылары" композицияларын орындады. Қазақстан Дауысы қатысушысы - Нұрсұлтан Есенқұл өз өнерін паш етті. Nazarbayev University Dance Club тобы да өз өнерімен елді таңғалдырды. 

Қазылар алқасы мүшелереі - Ләззат Көккөзова, Майра Икматова, Данияр Алшынов, Айзатулла Хусейн, Жандос Тұңғышбаев, Олжас Бейілов және Аида Әшімова сынды кино саласының майталмандары болды. 

Студенттер арасында өткен байқаудың қорытындысы бойынша мынадай номинациялармен марапатталды: 

Ең мықты режиссер - Дулат Есназар "SABAQ" филімі; жүлдеге GoPro Session және Fest.425 мейрамханасына сертификат

Ең мықты оператор - Ерлік Ағжанов "Employeer" филімі; жүлдеге экшн камера

Ең мықты монтаж - Дария Қассыбаева "Қазақстан: тыңдау, көру" филімі; жүлдеге графикалық планшет

Ең мықты сценарий - Сапарғали Сұрағанов "SABAQ" филімі; жүлдеге E-Reader

Ең мықты актер - Асқарбек Пазылбек "Round" филімі; жүлдеге сұлулық салонына сертификат және 1 сағаттық фотосессия

Ең мықты актриса - Әйгерім Кенжебекова, "SABAQ" филімі; жүлдеге сұлулық салонына сертификат және 1 сағаттық фотосессия

Көрермендер көзайымы - Санатжан Аймұхамбетов "Менің Отаным" филімі; мейрамханаға сертификат. 


© Андрей Ершов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети