27 қазан 2021 20:38

Netflix-те Арал теңізі туралы қазақстандық фильм шығады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Netflix-те тұңғыш рет қазақстандық фильм шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Netflix-те тұңғыш рет қазақстандық фильм шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдегі ең ірі стриминг платформасына қазақстандық режиссер Катерина Суворованың "See tomorrow" атты тәуелсіз толықметражды деректі фильмі шығады.

Режиссердің айтуынша, оның жұмысын промоутерлер Локарно кинофестивалінде байқаған, содан бері түрлі кинофестивальдер мен стриминг қызметтерінде көрсетілім туралы келіссөздер жүргізілген. Қазір фильм Еуропа елдерінің көрермендеріне қолжетімді, ал АҚШ-та Amazon платформасында ұсынылған.

"See tomorrow" фильмінде тартылып қалған Арал теңізінің жаңа күндері туралы айтылады. Деректі фильмде жергілікті тұрғындардың бірнеше оқиғасы көрсетілген. Мақсат - Бөген ауылының тұрғыны, ата кәсіпті жалғастырған балықшы, отбасының кенжесі. Бұрын оның ауылы теңіз жағасында тұрған. Арал шегіне бастағанда, Мақсаттың атасы құм салынған қаптардан теңізді ұстап тұру үшін бөгет салуға тырысқан. Содан кейін ұзақ жылдар бойы балықшылар мал шаруашылығымен айналысып, көпшілігі үлкен қалаларға кеткен. Бірақ Мақсаттың отбасы ауылда қалған. Күн сайын таңертең балықшылар "Бақыт" артелі орналасқан жаңа жағалауға дейін дөң арқылы ұзақ жол жүреді.

Фильмнің әлемдік деңгейдегі премьерасы 2016 жылдың тамызында Locarno International Film Festival кинофестивалінде өтті. Осы уақыт ішінде фильм Thessaloniki International Film Festival (Грекия), Jihlava International Documentary Film Festival (Чехия), Docs Against Gravity (Польша), Артдокфест (Ресей), Open City Documentary Festival (Ұлыбритания), SF IndieFest (АҚШ) секілді көптеген беделді халықаралық фестивальдерде ұсынылды.

Завтра море | Sea tomorrow | trailer#2 from Katerina Suvorova on Vimeo.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети