15 тамыз 2016 14:26

Нұртас Адамбаев түсірген "Тараз" фильмінің қашан шығатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбаевтың "Тараз" фильмі прокатқа 2016 жылдың 6 қазанында шығатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбаевтың "Тараз" фильмі прокатқа 2016 жылдың 6 қазанында шығатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Криминалдық драманың түсірілімдері Адамбаевтың туған қаласында - Таразда өткен. Картина қаланың криминалды ауданында өмір сүретін жас жігіт жайлы. Ол өзінің құрдастары сияқты басынан түрлі қиыншылықтарды өткеруі тиіс. 

"Мен бұл криминалдық драма арқылы өзімнің туып өскен қалама деген құрметімді көрсеткім келеді (...) "Тараз" фильмінде біз нақты жағдайларды көрсетеміз. Мысалы, адамдардың қылмыстарға бару себебі. Әр адамның өзінің қандай да бір қылмыс жасауға себебі бар ғой. Біз ақ пен қараны жақтырмаймыз. Жаман десе жаман, жақсы десе жақсы дейміз. Кез келген адамның жақсы да, жаман да қасиеттері болады ғой. Адам қылмысқа баруы мүмкін, бірақ ол да барлық адам сияқты дүкенге барып, ет, картоп сатып алады. Жалпы айтқанда, біз осы фильм арқылы өмірдің шын мәнінде қандай екенін көрсеткіміз келеді", - деді Адамбаев.

Айта кетейік, "Тараз" фильмінде басты рольдерде Нұртас Адамбаев, Еркебұлан Дайыров, Гүлнәз Жоланова, Асан Мәжіт, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Садыбеков, Марат Абдуллаев пен Әшім Ахметов ойнайды.

Режиссердің айтуынша, бұл фильмнің түсірілімдеріне бұрынғы жобалармен салыстырғанда әлдеқайда көп уақыт кетті. "Картинаның бюджеті де қымбатқа түсті. Бірақ бұл соған тұрарлық болғанына сенімдімін. Үш комедиядан кейін басқа жанрдағы фильмді қатты түсіргім келді. Бұл керемет тәжірибе. Режиссер ретінде мен әлі де көп нәрсені үйрену қажет екенін, әлі де ұмтылатын нәрселердің бар екеніне көзім жетті", - деді Нұртас Адамбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети