Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Нұртас Адамбаев үздік әйел ролі үшін жүлдеден үмітті

20 Ақпан 2015, 23:55
1
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы" сыйлығының алғашқы номинанттарының есімін атады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қауымдастық өкілдеріне сілтеме жасап. 

Сонымен, "Үздік ер адам ролі" номинациясы бойынша Азамат Нығманов ("Шытырман"), Юрий Померанцев ("Аптасына бір рет"), Тахир Омаров ("Болу немесе болмау") және Нұрлан Әлімжанов ("Тұйық шеңберді бұзу") үміткер атанып отыр. "Үздік әйел адам ролі" номинациясы бойынша сыйлыққа Мақпал Исабекова ("Қуылған"), Ғазиза Әбдінәбиева ("Кемпір"), Нұртас Адамбаев ("Сабина келін") және марқұм Лия Нэльская ("Бір кемпірдің хикаясы") ұсынылды. 

"Екінші пландағы үздік ер адам ролі номинациясы бойынша киносыншылар сыйлық иесін Евгений Жұманов ("Бір кемпірдің хикаясы"), Бауыржан Қаптағай ("Қожайындар"), Әбунасыр Серіков ("Абайлаңыз, сиыр!"), Байкенже Белбаев ("Қазақша тонау") сияқты актерлердің арасынан таңдайды. Ал екінші пландағы әйел ролін үздік сомдағаны үшін жүлдеден мына актрисалар үмітті: Татьяна Тарская ("Бір кемпірдің хикаясы"), Галина Пьянова ("Нағима"), Әлия Зайналова ("Қожайындар") және Айнұр Ілиясова ("Сабина келін").

Бұған дейін "Сыншылар таңдауы" атты Қазақстан киносының марафоны басталғаны хабарланған болатын. 4 ақпаннан бастап, 7 наурызға дейін 2014 жылы прокатқа шыққан немесе фестивальдерге қатысқан қазақстандық 20 кино көрсетіледі. Марафоннан соң "Сыншылар таңдауы" тұңғыш сыйлығы табыс етіледі. 

Айта кетейік, Қазақстан киносыншылар қауымдастығы 2014 жылы "Орталық Азия кинематография орталығы" қоғамдық қорының базасында еліміздің кино сыны мен киножурналистикасы саласындағы сарапшыларының тәуелсіз бірлестігі ретінде құрылды. Оның құрамына Гүлнәр Әбікеева, Олег Борецкий, Кәрім Қадырбаев, Ольга Малышева, Төлеген Байтөкенов, Инна Смаилова және Дмитрий Мостовой кіреді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай