26 сәуір 2021 18:07

"НяняМan" - "Жетінші Арнада" жаңа телехикая

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін "Жетінші Арнада" "НяняМan" атты жаңа телехикая басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін "Жетінші Арнада" "НяняМan" атты жаңа телехикая басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа форматта жол тартқан "Жетінші арнада" қызық жобалар мен түрлі бағдарламалар шығарылып жатыр. Жаңа маусымда түрлі санаттағы, жас мөлшерінің айырмашылығы мен жаңа талаптарға сай телехикаялар басталады.

Аталмыш арна сүйікті көрермені үшін, сәуірдің 26-нан бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында кешке 21:00-де "НяняМan" телехикаясын ұсынады. Басты рөлде Ғалым Махамбетов пен тапқыр ұлы Расул сомдайды. Жаңа телехикаяның түсірілім барысы бойынша, түрлі экшн қойылымдар қойылып, Ғалым мен Расул түрлі қызыққа тап болады. Мысалыға бір қойылымда, кішкентай кейіпкеріміздің үйінде абайсызда өрт шығады. Расул шынайы әрі кәсіби түрде өз рөлін жоғары деңгейде алып шығып, қойылымды одан сайын қызықтыра түсті.

Телехикаяның желісі бойынша, Расул өзінің бай бизнесмен әкесі және өгей шешесімен бірге тұрады. Кезекті демалысты Расулсыз өткізгісі келетін өгей шешесі, әкесі екеуі Расулды қалдырып демалысқа кетеді. Өте тәлпіш, ерке, бірақ ұшқыр ойлы Расулды бұл шешім қуантпаса, ренжіткен жоқ. Бала күтушісімен бірге болуы тиіс Расул, алаңсыз күн кешетін, десек те табысын көбейткісі келетін күзетшімен бірге қалады.

Зәулім үйде, бүкіл демалыс бойы бірге болатын күзетші мен Расул, күн сайын Расулдың еркелігіне шек жоқ, түрлі қызық ситуацияға тап болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)

Жаңа екі достың қызық хикаяларын тамашалағыңыз келсе, бүгін 21:30 да "Жетінші Арнаны" қосуды ұмытпаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети